Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 13-тармақшасына, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 130-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 147 бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияда ғылыми зерттеулермен байланысты қызметті ұйымдастыру тәртібінің 11-тармағына сәйкес:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 48 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 – 2018 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 104 өкіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 – 2018 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. ІІ бөлім | ||
1. "Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бизнес-қоғамдастықтарын Еуразиялық интеграция процестеріне тартуға ықпал ететін стратегиялары мен жоспарларының шеңберінде ЕАЭО-ның бизнес-қоғамдастықтары үшін интеграциялық позициялар мен интеграциялық механизмдерді талдау және әзірлеу" ҒЗЖ |
| |
1. "Құрылыс, жобалау және инжиниринг саласындағы ырықтандыру жоспарларының іске асырылуын әдіснамалық қолдаумен және сүйемелдеумен зерттеулер жүргізу, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде нормативтік реттеуді және оны қолдану практикасын салыстырмалы талдау және қорыту, сондай-ақ ең үздік халықаралық тәжірибені анықтау, реттеу шараларының мазмұнды баламалылығының болуын немесе жоқтығын айқындау, үйлестіруге жататын актілерді (олардың ережелерін) анықтау (әдіснама әзірлеу мен келісуді қоса алғанда)" ҒЗЖ |
| |
1. "Демпингктік (субсидияланатын) импортты қалпына келтіру не жалғастыру және демпингке қарсы (өтемақы) шаралардың қолданылуы мерзімінің өтуіне байланысты қайтадан демпингке қарсы (өтемақы) тергеп-тексерулерін жүргізу шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасы салаларына материалдық залал келтірілуі мүмкіндіктерін анықтау әдіснамасын әзірлеу" ҒЗЖ |
| |
2. "Демпингктік (субсидияланатын) импорттың демпингке қарсы (өтемақы) тергеп-тексерулері шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасы салаларының бағаларына әсерін бағалау әдіснамасын әзірлеу" ҒЗЖ |
| |
3. "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 272-тармағына сәйкес арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізуден Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тұтынушыларының мүдделеріне келтірілген залалды есептеу әдіснамасын әзірлеу" ҒЗЖ |
| |
1. "Сүт және ет бағытындағы ірі қара малдың, шошқаның асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесін әзірлеу" ҒЗЖ | 2017 – 2018 жылдар | |
2. "Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық сапасын айқындаудың ғылыми негізделген әдістері мен әдістемелерін әзірлеу" ҒЗЖ | 2017 – 2018 жылдар | |
Агроөнеркәсіптік саясат департаменті бойынша барлығы – 2 ҒЗЖ | ||
Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына сәйкес стандарттардың тиісті тізбелеріне енгізілген стандарттар қолданылмаған жағдайда тәуекелдерді бағалау негізінде өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауды нормативтік-құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу" ҒЗЖ |
| |
2. "Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Шанхай ынтымастық ұйымы (ШЫҰ) және оған мүше мемлекеттер немесе бақылаушы мемлекеттер арасында саудадағы техникалық тосқауылдарды жою бойынша тиісті халықаралық шарт жасасудың мүмкіндіктері мен перспективаларын талдауды ескере отырып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдерінің техникалық реттеу жүйелеріне зерттеу жүргізу, сондай-ақ ЕАЭО пен үшінші елдер арасында секторлық қосымшаларды қоса алғанда, өзара тану туралы шарттардың (келісімдердің) жобалары бойынша ұсынымдар әзірлеу" ҒЗЖ |
| |
|
| |
4. "Кеден одағының (Еуразиялық экономикалық одақтың) техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыру және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау кезінде зерттеулерді (сынақтарды) және өлшемдерді қамтамасыз ету мақсаттары үшін халықаралық, өңірлік және ұлттық нормативтік-техникалық базаларға ақпараттық-талдамалық зерттеулер мен талдау жүргізу және зерттеулердің нәтижелері бойынша нормативтік-техникалық базаны жетілдіру бойынша, соның ішінде стандарттар тізбелерін өзекті ету, Кеден одағының (Еуразиялық экономикалық одақтың) техникалық регламенттерінің іске асырылуын қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттар әзірлеу және стандарттарды дамытудың стартегиялық басымдықтары бойынша ұсыныстар дайындау" ҒЗЖ |
| |
Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті бойынша барлығы – 4 ҒЗЖ | ||
Кедендік инфрақұрылым департаменті | ||
1. "Кедендік операциялар жасау кезінде пайдаланылатын электрондық құжаттарды қалыптастыру жөніндегі талаптарды сипаттау әдіснамасын әзірлеу" ҒЗЖ | 2017 – 2018 жылдар | |
Кедендік инфрақұрылым департаменті бойынша барлығы – 1 ҒЗЖ | ||
Көлік және инфрақұрылым департаменті | ||
1. "ЕАЭО мүше мемлекеттердің автомобильмен тасымалдаушыларының шаруашылық қызметі жағдайларын талдау және әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және автомобиль көлігін пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында көрсетілген мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру бойынша ұсынымдар әзірлеу" ҒЗЖ |
| |
2. "Еуразиялық экономикалық одақтың әуе көлігі қызметтерінің ортақ нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу" ҒЗЖ | 2017 – 2018 жылдар | |
Көлік және инфрақұрылым департаменті бойынша барлығы – 2 ҒЗЖ"; | ||
б) "Жаңадан басталатын жұмыстар бойынша барлығы – 10 ҒЗЖ" деген позициядағы "10" деген цифрлар "24" деген цифрлармен ауыстырылсын. |