Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесін дамыту туралы

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2017 жылғы 17 мамырдағы № 17 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобы құрылсын және оның құрамы (қоса беріліп отыр) бекітілсін.

      2. Осы Өкіммен құрылатын жұмыс тобы:

      а) Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жобасын әзірлеу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Кеңесінің таяудағы отырысына дейін мынадай негіз қалаушы тәсілдемелерді келісу мақсатында:

      сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалауды жүзеге асыру мақсатын беркіту қажеттігін;

      сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу орынды болатын тауарларды таңдаудың базалық критерийлерін айқындау қажеттігін;

      сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалауды қатаң есептілік бланкілері түріндегі немесе өзге де тәсілдердегі бақылау (сәйкестендіру) белгілерін қолдану жолымен жүзеге асыру мүмкіндігін;

      мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тауарды өткізу кезінде тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ішкі нарығында айналымға қосқан кезеңде, сондай-ақ қатаң есептілік бланкілері түріндегі бақылау (сәйкестендіру) белгілерін қолданудан өзгешелеу сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау тәсілдерін пайдаланған жағдайда тауарды мүше мемлекеттің ішкі нарығындағы айналымнан шығару кезеңінде тауар туралы мәліметтерді тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) енгізу қажеттігін;

      қатаң есептілік бланкілері түріндегі бақылау (сәйкестендіру) белгілерін қолданған жағдайда, сондай-ақ осы мүше мемлекеттің ішкі нарығындағы тауарлар айналымының өзге де кезеңдерінде, тауарды осы мүше мемлекеттің ішкі нарығындағы айналымнан шығару кезеңінде тауар туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу туралы талаптарды мүше мемлекеттің өз заңнамасында белгілеу мүмкіндігін;

      Комиссия Кеңесіне сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар тобын айқындау бойынша, сондай-ақ әрбір тауар тобына қатысты сәйкестендіру құралдары мен оларға қойылатын талаптарды, сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалауға енгізу мерзімдерін, сондай-ақ ақпараттық жүйеге енгізілетін тауарлар туралы мәліметтер құрамын айқындау бойынша өкілеттіктер беруді;

      мүше мемлекеттің сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау тәсілін айқындау мүмкіндігін;

      Комиссия Кеңесі айқындаған тауарларды сәйкестендіру құралдары қолданылған және оларға қойылатын талаптар сақталған кезде Келісім күшіне енген күнге дейін мүше мемлекеттерде қолданылатын тауарларды таңбалаудың ұлттық жүйелерін пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ Комиссия айқындаған қағидаларға сәйкес ұлттық құрауыштар мен ақпараттық жүйенің интеграциялық құрауыштарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді;

      Комиссияның сәйкестендірудің пайдаланылатын құралдарының сипаттамасын және таңбалау тәсілдерін, соның ішінде бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау тәсілдерін, сондай-ақ олардың сипатын, оларда бар ақпараттың құрамы мен құрылымын қамтитын сәйкестендіру құралдарының электрондық түрдегі бірыңғай тізілімін жасау және енгізу қажеттігін;

      2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің және 2016 жылғы 23 қарашада қол қойылған 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттаманың қолданыстары тоқтатылғаннан кейін Келісімге сәйкес "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды қамтамасыз ету қажеттігін пысықтасын.

      б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген тәсілдемелерді келісу нәтижелері туралы Комиссия Кеңесінің таяудағы отырысында баяндасын;

      в) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген негіз қалаушы тәсілдемелерді келісу қорытындылары бойынша Келісім жобасын дайындасын және оны Комиссия Кеңесінің кезекті отырысында қарауға ұсынсын;

      г) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу оларға қатысты орынды болатын тауарлар тізбесінің жобасын әзірлесін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.           

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Габриелян

В. Матюшевский

А.Мамин

О. Панкратов

И. Шувалов

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2017 жылғы 17 мамырдағы № 17
өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ

Никишина Вероника Олеговна     

-Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) (жұмыс тобының басшысы)

      Еуразиялық экономикалық комиссиядан

Минасян Каринэ Агасиевна

-Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Караян Хажак Гамлетович

-Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры

Кочарян Гагик Карленович

-Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры

Кушнарев Николай Геннадиевич

-Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры

      Армения Республикасынан

Мирумян Вахтанг Маисович

- Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

Пашаян Микаел Мешегович

- Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы

      Беларусь Республикасынан

Муквич Владимир Валерьевич

-Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар министрінің орынбасары

Чеботарь Юрий Адамович

- Беларусь Республикасының Экономика министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасынан

Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынасары

Жүнісова Дана Бейсенқызы

- Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі

      Қырғыз Республикасынан

Тюменбаев Баккельди Рахимович

- Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары

Айдралиева Расым Шаршекеевна

- Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік салық қызметі төрағасының орынбасары

Омуралиев Мирлан Жумабекович

-Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ақпараттық технологиялар және байланыс комитеті төрағасының орынбасары

Торутаев Алтынбек Элимович

-Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бірінші орынбасары

Ким Татьяна Михайловна

- Қырғыз Республикасы Экономика министрінің фискальдық мәселелер бойынша қоғамдық негіздегі кеңесшісі ("Қырғызстанның салық консультанттары палатасы" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы)

Жумабаев Даир Эсенгулович

- Қырғыз Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының Қырғызсараптама департаменті басшысының орынбасары

      Ресей Федерациясынан

Батуркин Андрей Николаевич     

-Федералдық салық қызметі басшысының орынбасары

Евтухов Виктор Леонидович

-Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары – статс-хатшы

Нестеренко Татьяна Геннадьевна

-Ресей Федерациясы Қаржы министрінің бірінші орынбасары

Пархоменко Дмитрий Всеволодович

-Федералдық денсаулық сақтау саласындағы қадағалау қызметі басшысының орынбасары

Чернякова Елена Евгеньевна

-Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік және муниципалдық қаржыларды басқару және бюджеттік процесті ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық технологиялар департаментінің директоры


О развитии системы маркировки товаров средствами идентификации в Евразийском экономическом союзе

Распоряжение Совета Евразийской экономической комиссии от 17 мая 2017 года № 17.

      1. Создать рабочую группу высокого уровня по вопросам развития системы маркировки товаров средствами идентификации в Евразийском экономическом союзе.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным распоряжением Совета Евразийской экономической комиссии от 22.08.2017 № 28 (вступает в силу с даты вступления в силу распоряжения Коллегии Евразийской экономической комиссии об утверждении состава рабочей группы высокого уровня по вопросам развития системы маркировки товаров средствами идентификации в Евразийском экономическом союзе).

      2. Рабочей группе, созданной настоящим распоряжением:

      а) для подготовки проекта Соглашения о маркировке товаров средствами идентификации в Евразийском экономическом союзе (далее – Соглашение) до ближайшего заседания Совета Евразийской экономической комиссии (далее – Комиссия) проработать с целью согласования следующие основополагающие подходы:

      необходимость закрепления целей осуществления маркировки товаров средствами идентификации;

      необходимость определения базовых критериев выбора товаров, в отношении которых целесообразно введение маркировки средствами идентификации;

      возможность осуществления маркировки товаров средствами идентификации путем применения контрольных (идентификационных) знаков в виде бланков строгой отчетности или иными способами;

      необходимость внесения сведений о товаре в информационную систему маркировки товаров (далее – информационная система) на этапе ввода товара в оборот на внутреннем рынке государства – члена Евразийского экономического союза (далее – государство-член), при перемещении товара в рамках взаимной торговли государств-членов, а также на этапе вывода товара из оборота на внутреннем рынке государства-члена в случае использования способов маркировки товаров средствами идентификации, отличных от применения контрольных (идентификационных) знаков в виде бланков строгой отчетности;

      возможность установления государством-членом в своем законодательстве требования о внесении сведений о товаре в информационную систему на этапе вывода товара из оборота на внутреннем рынке этого государства-члена в случае применения контрольных (идентификационных) знаков в виде бланков строгой отчетности, а также на иных этапах оборота товаров на внутреннем рынке этого государства-члена;

      предоставление Совету Комиссии полномочий по определению групп товаров, подлежащих маркировке средствами идентификации, а также по определению в отношении каждой группы товаров средств идентификации и требований к ним, сроков введения маркировки товаров средствами идентификации, а также состава сведений о товаре, вносимых в информационную систему;

      возможность определения государством-членом способа маркировки товаров средствами идентификации;

      возможность использования в государствах-членах действующих на дату вступления в силу Соглашения национальных систем

      маркировки товаров при условии применения средств идентификации товаров и соблюдения требований к ним, определенных Советом Комиссии, а также обеспечения взаимодействия национальных компонентов и интеграционного компонента информационной системы в соответствии с правилами, определяемыми Комиссией;

      необходимость создания и ведения Комиссией в электронном виде единого реестра средств идентификации, включающего описание используемых средств идентификации, и способов маркировки, в том числе контрольными (идентификационными) знаками, а также их характеристик, состава и структуры содержащейся в них информации;

      необходимость обеспечения маркировки контрольными (идентификационными) знаками товаров по товарной позиции "Предметы одежды, принадлежности к одежде и прочие изделия, из натурального меха" в соответствии с Соглашением после прекращения действия Соглашения о реализации в 2015 – 2016 годах пилотного проекта по введению маркировки товаров контрольными (идентификационными) знаками по товарной позиции "Предметы одежды, принадлежности к одежде и прочие изделия, из натурального меха" от 8 сентября 2015 года и Протокола о продлении срока действия Соглашения о реализации в 2015 – 2016 годах пилотного проекта по введению маркировки товаров контрольными (идентификационными) знаками по товарной позиции "Предметы одежды, принадлежности к одежде и прочие изделия, из натурального меха" от 8 сентября 2015 года, подписанного 23 ноября 2016 г.;

      б) доложить о результатах согласования подходов, указанных в подпункте "а" настоящего пункта на ближайшем заседании Совета Комиссии;

      в) по итогам согласования основополагающих подходов, указанных в подпункте "а" настоящего пункта, подготовить проект Соглашения и представить его для рассмотрения на очередном заседании Совета Комиссии;

      в) разработать проект перечня товаров, в отношении которых целесообразно введение маркировки средствами идентификации.

      3. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации

В. Габриелян

В. Матюшевский

А. Мамин

О. Панкратов

И. Шувалов