Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №3 қосымша) 27-тармағына сәйкес:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы №6 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский А.Мамин Т.Абдыгулов И.Шувалов
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2017 жылғы 15 қыркүйектегі №30 өкіміне | |
ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1.1-тармақ мынадай мазмұндағы "у" - "ш" тармақшаларымен толықтырылсын:
"у) Одақ шеңберінде бақылап отыру (соның ішінде сәйкестендіру) жүйесін (бұдан әрі - бақылап отыру жүйесі) қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу | тұжырымдама | IV тоқсан | - |
Комиссия*, |
ф) бақылап отыру жүйесінің архитектурасын әзірлеу |
есеп, | - |
І |
Комиссия*, |
х) бақылап отыру жүйесіне техникалық тапсырмалар әзірлеу | техникалық тапсырма | IV тоқсан | - |
Комиссия*, |
ц)осы тармақтың "у" тармақшасына сәйкес Одақ шеңберінде бақылап отыру (соның ішінде сәйкестендіру) жүйесін (бұдан әрі - бақылап отыру жүйесі) қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу | нормативтік құқықтық актілер жобалары | - |
І-ІІІ |
Комиссия* |
ч) бақылап отыру жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында уәкілетті органдармен ақпараттық өзара іс-қимылға қойылатын талаптарды әзірлеу | талаптар | - |
ІІ-ІV |
Комиссия*, |
ш) бақылап отыру жүйесін іске асыру бойынша жобалық офистің жұмыс істеуін қалыптастыру және қамтамасыз ету | есептер |
ІV |
І-ІV |
Комиссия*". |
2.2-тармақ мынадай мазмұндағы "е" тармақшасымен толықтырылсын:
"е)Комиссияның интеграциялық сегменті құрамында бақылап отыру жүйесінің компонентерін жасау |
техникалық-жұмыс жобалары, | - |
І-ІV |
Комиссия*". |
3.3-тармақ мынадай мазмұндағы "е" тармақшасымен толықтырылсын:
"е) ұлттық сегменттер құрамында бақылап отыру жүйесінің компонентерін жасау |
техникалық-жұмыс жобалары, | - |
І-ІV |
уәкілетті органдар**". |
4. Көрсетілген жоспарға №4 қосымшада:
а) "2017 жыл" графасының 1-тармағындағы "172 500,0" цифрлары "181 200,0" цифрларымен ауыстырылсын, "2018 жыл" графасындағы "176 900,0" цифрлары "205 281,2" цифрларымен ауыстырылсын;
б) "2018 жыл" графасының 2-тармағындағы"291 800,0" цифрлары "317 800,0" цифрларымен ауыстырылсын.