1. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде орган құру бойынша мүдделі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жүргізген жұмыс туралы ақпарат назарға алынсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия мүдделі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді жалғастырсын және жұмыс барысы туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңесті 2018 жылғы бірінші тоқсанда хабардар етсін.
3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |