Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 12-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жұмыс күшіне статистикалық зерттеулер жүргізу кезінде еңбек нарығы көрсеткіштерінің салыстырмалылығын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде олардың нәтижелерін қорыту мақсаттарында
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында осы Ұсыным жарияланған күннен бастап, 19-шы Халықаралық еңбек статистиктері конференциясында қабылданған және htt;//www.eurasiancommission.org/ru/act/integr_i_makroec/der_stat/metadata/metadata/Pages/recommendations,aspx/. - мекен-жайы бойынша мәтіндері Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналасқан, Еңбек қызметі, жұмыспен қамту және жұмыс күшін жете пайдаланбау статистикасы туралы қарарға сәйкес әзірленген ұсынымдарды басшылыққа алуды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |