Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 5 және 18-баптарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі "Өзара қол жеткізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін кедергілерді, сондай-ақ, тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің қозғалысына қатысты алып қоюларды және шектеулерді анықтау және жою жөніндегі жұмыс туралы" № 7 өкімінің 2-тармағын іске асыру, сондай-ақ кедергілерді анықтау және жою жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру, Еуразиялық экономикалық комиссия және мүдделі тұлғалар арасында ақпараттық өзара іс-қимылды дамыту мақсатында
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында ресми жарияланған күннен бастап, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарықтарының жұмыс істеуі шеңберінде кедергілер мен шектеулер мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға (соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық ресурсы арқылы) https;//barriers.eaeunion.org мекен-жайы бойынша жүгіну мүмкіндігі туралы жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |