Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 17 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі актілерді және іс-шараларды әзірлеу жоспарының 22-тармағына сәйкес:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі-мүше мемлекеттер) инновациялық дамуының мейлінше маңызды бағыттарын бірлесе іске асыру үшін ғылыми, материалдық және қаржылық ресурстарды шоғырландыру,
мүше мемлекеттер жүргізетін қолданбалы және іргелі зерттеулердің нәтижелерін тиімді пайдалану;
технологиялық жаңартуды және инновациялық белсенділікті арттыру мақсаттарында мүше мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығын қалыптастыру мақсатында,
мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында осы Ұсыным жарияланған күннен бастап, мүше мемлекеттер жүргізетін қолданбалы және іргелі зерттеулерді ескере отырып, мүше мемлекеттердің ұйымдарының технологиялық жаңартуды жеделдету және инновациялық белсенділікті арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығының басым бағыттарының тізбесін пайдалануды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 5 ұсынымына ҚОСЫМША |
Мүше мемлекеттер жүргізетін қолданбалы және іргелі зерттеулерді ескере отырып, мүше мемлекеттердің ұйымдарының технологиялық жаңартуды жеделдету және инновациялық белсенділікті арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығының басым бағыттарының ТІЗБЕСІ
1. Дамыған ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді қалыптастыру.
2. Арнайы ерекшеліктері бар материалдарды әзірлеу және енгізу (бірінші кезекте, композициялық материалдар, наноматериалдар және жоғары тазалықты заттар).
3. Микроэлектроникадан наноэлектроникаға және оптоэлектроникаға, кванттық компьютерлерге ауысу, наноэлектроника, наножүйелі және микрожүйелі техника, қатты денелі электроника үшін бұйымдардың өндірісі үшін материалдар, технологиялар және арнайы технологиялық жабдық әзірлеу.
4. Лазерлік технологияларды дамыту (материалдарды өңдеу және модификациялау, оптикалық ақпарат, байланыс, навигация және медицина саласын қоса алғанда).
5. Физикалық элетрониканы дамыту (соның ішінде, қатты денелі және вакуумдық құрылғылардың көмегімен электромагнитті толқындарды генерациялау, қабылдау және өзгерту әдістерін әзірлеу, акустоэлектроника, үлкен қуатты релятивистік СВЧ-электроника, қызған бөлшектердің қуатты шоқтарының физикасы).
6. Плазма физикасын технологиялық процестерде қолдану (жоғары температуралы плазма және басқарылатын термоядролық синтез физикасын, астрофизикалық плазма физикасын, төмен температуралы плазма физикасын қоса алғанда).
7. Толқынды машина құрылысын және толқынды технологияларды дамыту (толқынды машиналар мен аппараттарды жобалаудың негіздерін жасауды, толқынды машиналар мен аппараттарды басқаруды, желілі емес толқынды механиканы, "адам-машина-орта" жүйесіндегі биомеханикалық толқынды процестерді қоса алғанда).
8. Вирустарға қарсы, бактериальдық қарсы және тұмауға қарсы дәрілік препараттардың жаңа буынын әзірлеу.
9. Интеграцияланған инженерлік бағдарламалық тұғырнамаларды әзірлеу және өнімнің өмірлік циклын жобалаудың және басқарудың ортасын дамыту.
10. Өндірістің жоғары технологиялық құралдары үшін (станоктар, өнеркәсіп роботтары т.с.с.) сандық бағдарламалық басқару жүйелерін дамыту.
11. "Индустрия 4.0" талаптарына және технологиялық стандарттарға сәйкес келетін өндіріс құралдарын (соның ішінде станок-аспап саласының өнімдерін) әзірлеу.
12. Ресурс-энергия үнемдеу технологияларын, жаңартылатын энергия көздері технологияларын, энергообъектілерді жасау кезінде қолданылатын жоғары өткізгіштік технологиялар пайдаланылатын электротехникалық құрылғыларды дамыту.
13. Рак ауруларын емдеудің, соның ішінде стволды жасушаларды пайдалана отырып, жаңа препараттарды және әдістерді әзірлеу.
14. Зарядтық және сервистік станциялар өндірісін және желісісін құруды ққса алғанда, электр көлігін дамыту.
15. Жоғары сыныптағы көп контурлы тұтқалы механизмдердің негізінде принципті жаңа қондырғылар мен машиналарды әзірлеу.
16. Берілісті механизмдердің жаңа түрлерін жобалау және берілісті механизмдерді талдау және синтездеу әдістерін дамыту.
17. Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және өңдеу өнеркәсібі үшін биотехнологияларды әзірлеу және енгізу.
18. Биопрепараттардың штамм-продуценттерін, соның ішінде ферменттерді, ашытқыларды, биологиялық белсенді қоспаларды, пробиотиктерді, тамақ (жем) қоспаларын және аминқышқылдарын алудың жаңа технологияларын әзірлеу.
19. Биологиялық алуандықты сақтау және биотехнологиялардың ресурстық негізін қамтамасыз ету үшін микроорганизмдердің, өсімдік дақылдарының және жануар жасушаларының, генетикалық және гендік-инженерлік материалдардың коллекцияларын дамыту.