2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 54 және 55-тармақтарына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері Сергей Сергеевич Сидорский мен Валерий Николаевич Корешковтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
---|