2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес сағаттар өндірісінде пайдаланылатын жиынтықтауыштардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ескертпе мынадай мазмұндағы 64С – 66С ескертпелермен толықтырылсын:
"64С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 60 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады.
65С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 60 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2020 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады.
66С) Кедендік құннан 5 % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 60 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2020 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады.".
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 113 шешімімен бекітілген Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан өзгешеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалар тізбесінде:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 9111 20 000 0, 9111 80 000 0, 9111 90 000 0, 9113 20 000 0, 9113 90 000 9 және 9114 90 000 9 кодтары бар позициялары алып тасталсын;
б) ЕАЭО СЭҚ ТН 9114 10 000 0, 9114 30 000 0 және 9114 90 000 1 кодтары бар позициялары мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"9114 10 000 0 | – серіппелер, қылшықты серіппелерді қоса алғанда | 0 | 0 | 0 | 3 | 6*** | БКТ ставкасы |
9114 30 000 0 | – циферблаттар | 0 | 0 | 0 | 3**** | 6**** | БКТ ставкасы |
9114 90 000 1 | – –тастар | 0 | 0 | 0 | 3 | 6*** | БКТ ставкасы"; |
в) мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші сілтемелермен толықтырылсын:
"*** 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылады.
**** Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 60 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 мамырға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылады.".
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 60 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен, не АҚШ долларымен) |
9111 20 000 0 | – бағалы емес металдан жасалған корпустар, соның ішінде гальваникалық тәсілмен алтын жалатылған немесе күміс жалатылған | 864С) |
9111 80 000 0 | – басқа да корпустар | 865С) |
9111 90 000 0 | – бөлшектер | 865С) |
9113 20 000 0 | – бағалы емес металдан жасалған, соның ішінде гальваникалық тәсілмен алтын жалатылған немесе күміс жалатылған | 1366С) |
9113 90 000 9 | – – өзгелері | 1366С) |
9114 10 000 0 | – серіппелер, қылшықты серіппелерді қоса алғанда | 1066С) |
9114 30 000 0 | – циферблаттар | 1064С) |
9114 40 000 0 | – платиналар мен белдіктер | 1066С) |
9114 90 000 1 | – – тастар | 1066С) |
9114 90 000 9 | – – өзгелері | 1065С) |