Өзара саудада салық салу бөлігінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді орындауын мониторингтеу нәтижелері туралы ақпаратты назарға алып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Беларусь Республикасының аумағында өткізген кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Беларусь Республикасының аумағына импортталатын тауарларға және Беларусь Республикасы Салық кодексінің 102-бабы 1-тармағының 1.2.1-тармақшасында көрсетілген оларға ұқсас тауарларға қатысты қосылған құн салығының ставкасын қолдану кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 72-бабының 5-тармағын орындау қажеттігі туралы Беларусь Республикасы хабардар етілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |