2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешіміне қосымша) 4203 10 000 1 және 4203 10 000 9 кіші қосалқы позицияларының үшінші графасындағы " - " белгісі "дана" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |