Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №288 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8545 11 002 0 кодымен сыныпталатын, Үндістанда шығарылатын, дөңгелек қимасының графиттелу диаметрі 520 мм астам, бірақ 650 мм аспайтын немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2 700 см2 астам, бірақ 3 300 см2 аспайтын, пештерде қолданылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін электродтарға қатысты қоса алғанда 2023 жылғы 24 қыркүйекке дейінгі аралықтағы мерзімде қосымшаға сай мөлшерлерде демпинге қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:
осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы №183 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомасын Үндістанда шығатын, 2018 жылғы 26 қаңтардан бастап қоса алғанда 1 қазанға дейінгі аралықтағы кезеңде ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларға қатысты алдын ала демпингке қарсы баждар алу үшін белгіленген тәртіпте демпингке қарсы баж есебіне алуды және ол төленген (өндіріп алынған) сол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №156 шешіміне ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баж СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Өндіруші | Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құннан пайызбен) |
8545 11 002 0 | Graphite India Limited корпоративтік (заңды) мекенжайы: 31 Chowringhee Road, Kolkata-700 016, India | 32,83 |
Дургапур зауыты: P.O. Sagarbhanga Colony Dist. Burdwan, West Bengal Durgapur-713211, India | ||
Нашик зауыты: 88 MIDC Industrial Area, Satpur, Nashik-422 007, India | ||
Бангалор зауыты: Visveswaraya Industrial Area, White field Road, Bangalore-560 048, India | ||
HEG Limited корпоративтік (заңды) мекенжайы: Bhilwara Towers, A-12 Sector-1, Noida-201301, Uttar Pradesh, India | 16,04 | |
Өндірістік мекенжайы: Mandideep (Near Bhopal), Disst. Raisen-462 046, Madhya Pradesh, India | ||
өзгелері | 32,83 |