Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 83 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын және оларға қатысты айрықша жағдайларда экспорттауға уақытша тыйым салулар немесе сан жағынан шектеулер енгізілуі мүмкін тауарлардың тізбесі ЕАЭО СЭҚ ТН "4106 32 000 0" коды бар позициясынан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"4401 бөрене түріндегі ағаш отыны, діңгектер, бұтақтар, қарапайым түрдегі немесе бұта бумасы; жаңқа немесе жоңқа түріндегі ағаш, үгінді және ағаш қалдықтары және агломерацияланған немесе агломерацияланбаған ағаш түріндегі скрап, брикеттер,
түйіршік немесе қарапайым түрдегі ағаш отыны 4403 қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабатымен, қомақты кесектелген немесе кесектелмеген өңделмеген ағаш материалдары
4404 бөшкелік сүрек; жарылған бөренелер; ағаштан жасалған, үшкірленген, бірақ ұзына бойы кесілмеген қадалар, қазықтар және бағандар; таяқтар, қолшатырлар, құралдардың немесе ұқсас бұйымдардың тұтқаларын жасау үшін пайдаланылатын ағаш материалдары, қомақты жонылған, бірақ ұшталмаған, майыстырылмаған немесе басқа тәсілмен өңделмеген ағаш материалдары;
4406 теміржол немесе трамвай жолдары үшін ағаш шпалдары
4407 ұзыннан арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын ағаш материалдары".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |