Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін Ресей Федерациясынан түсетін тауарларға қатысты ветеринариялық бақылау (қадағалау) бөлігінде орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Беларусь Республикасына Ресей Федерациясы аумағынан Беларусь Республикасының аумағына мал шаруашылығы өнімінің өткізілуі кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 6-тармағын және Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында Ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереженің 4.4 және 4.5-тармақтарын орындау қажеттігі туралы хабарлансын.
2. Беларусь Республикасы Үкіметінен қабылданған шаралар туралы осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |