Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес сатып алу туралы ақпаратты (оның ішінде орыс тіліндегі) веб-порталда жариялау (орналастыру) арқылы мемлекеттік сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындығы бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындауын мониторингтеу нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Армения Республикасы Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) 29-тармағының мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты орыс тілінде жариялауды қамтамасыз ету бөлігіндегі 2-тармақшасын орындау қажеттігі туралы хабардар етілсін.
2. Армения Республикасының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) 29-тармағының 2-тармақшасын орындауға бағытталған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |