2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1 Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 0511 91 901 9 кодымен сыныпталатын балықтың ұрықтандырылған уылдырығының жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 28 ақпанға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) төртінші графадағы ЕАЭО СЭҚ ТН 0511 91 901 9 коды бар позиция ескертуге "48С) сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 48С ескертумен толықтырылсын:
"48С) кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 198 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 28 ақпанға дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 68 шешімімен бекітілген Қырғыз Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларынан ерекше баж ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалар тізбесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН 0511 91 901 9 коды бар позиция алып тасталсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |