Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі (бұдан әрі тиісінше – цифрлық күн тәртібі, Одақ) шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыру үшін құқықтық негіздер қалыптастыру және реттеу модельдерін пилоттық жобаларда істеп өтеу және интеграциялық процестерді ынталандыратын және салалар мен нарықтардың цифрлық трансформациясының тиісті сын-қатерлеріне сәйкес келетін неғұрлым тиімді моделін айқындау, сондай-ақ цифрлық күн тәртібі шеңберінде бастамаларды пысықтаудың практикалық нәтижелеріне тездетіп қол жеткізу және цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды іске асыру мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үкіметтерімен бірлесіп цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде мынаны:
а) арнайы режиммен пилоттық жобаны іске асырудың уақытша реттеуші шеңберлері мен оның қатысушыларының өзара іс-қимыл тәртібі (бұдан әрі – арнайы режимнің мазмұны) айқындалатынын;
б) әрбір пилоттық жоба үшін арнайы режимнің мазмұнын қалыптастыру кезінде мониторинг, бақылау тәртібі, күтілетін нәтижелер, қолданылатын арнайы режимді өзгерту, ұзарту және аяқтау шарттары айқындалатынын;
в) арнайы режим мазмұнымен белгіленбеген барлық жағдайларда реттеудің нормалары мен қағидалары Одақ құқығына немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолданылатынын;
г) арнайы режимдерді қолдану мониторингін және қол жеткізілген нәтижелерді ескере отырып Одақ құқығына және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар тұжырымдалуы мүмкін екендігін;
д) қолданудың орындылығын және арнайы режимнің мазмұнын Еуразиялық үкіметаралық кеңес немесе Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайтынын;
е) арнайы режимнің реттеуші нормалары мүше мемлекеттердің қоғамдық және экономикалық мүдделеріне сәйкес келуге тиіс екендігін, арнайы режим оны іске асыруға кемінде 2 мүше мемлекет дайын болған кезде күшіне енетінін ескере отырып, арнайы режимдерді ("реттеуші құмсалғыштарды") қолдану тұжырымдамасының жобасын әзірлесін.
2. Қаржы нарығын арнайы режим қолданылатын сала қатарынан шығарып тастаған жөн.
3. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан |
Қазақстан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |