2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына сәйкес:
1. Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі - Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Викторович Петришенконың кандидатурасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсынылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |