Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы №89 шешімімен бекітілген Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібінің 3-тармағына сәйкес:
1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 2019 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасының Алматы қаласында болады деп айқындалсын.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |