Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2017 жылдың қорытындылары бойынша Қырғыз Республикасында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 63-бабында белгіленген мемлекеттік басқару секторы борышының сандық мәнінің асып кетуіне байланысты, Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 3-тармақшасын іске асыру мақсатында
Қырғыз Республикасына осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап экономикалық саясатты жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық комиссияның мемлекеттік басқару секторының борышын азайтуға бағытталған шаралар бойынша мынадай ұсыныстарын ескеруді ұсынады:
а) мемлекеттік басқару секторының борышын басқарудың тиімділігін арттыру, соның ішінде:
мемлекеттік басқару секторының борышы шеңберінде таза қарыз алулардың номиналдық шамасының индикативтік шекті мәндерін белгілеу;
мемлекеттік басқару секторы борышының жалпы сомасындағы ұлттық валютада көрсетілген борыштық міндеттемелердің үлесін біртіндеп ұлғайтуды жалғастыру;
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту;
орта мерзімді перспективада сыртқы қарыз алулардың жеңілдік деңгейін қолдау;
мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын сыртқы борыштық қаржыландыруды қысқарту мақсатында осы бағдарламаны қаржыландыру үшін алынған қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік активтерді жекешелендіру мүмкіндігін қарастыру жолымен арттыру;
б) мемлекеттік басқару секторын борыштық қаржыландыруды оңтайландыру мақсатында оның бюджетінің тапшылығын азайту,соның ішінде:
мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетіндегі салық кірістерінің үлесін арттыру;
салық жеңілдіктері мен босатуларды оңтайландыру және жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының басым жобаларын іске асыру қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің шығыстарын оңтайландыру;
күрделі шығыстардың тиімділігін арттыру;
бюджеттік теңгерімділікті қолдау үшін бюджет қағидасын жетілдіру;
кезеңдік және сыртқы экономикалық құбылуларға бюджеттік және борыштық тұрақтылықты арттыруды қамтамасыз ететін шоғырландырылған бюджеттің құрылымдық балансын пайдалану практикасын зерделеу жөніндегі жұмысты жалғастыру жолымен азайту.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |