Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабының 7-тармағы 10-тармақшасының негізінде,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлігінің экспорттық әлеуетін ескере отырып,
бірлескен көрме қызметін кеңейтудің, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлігін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетудің маңыздылығын назарға ала отырып,
мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:
1. Ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік өндірушілерді және экспорттаушыларды қолдау бойынша іс-шаралар дайындау кезінде осы өнімді үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету мақсатында қосымшаға сәйкес Халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-жәрмеңке іс-шараларының 2019 – 2020 жылдарға арналған тізбесін назарға алуды.
2. Жыл сайын, 15 қаңтарға дейін осы Ұсынымға қосымшада көзделген халықаралық көрмелер шеңберінде мүше мемлекеттердің бірлескен іс-шараларын өткізу форматы жөніндегі ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберуді ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 19 ұсынымына ҚОСЫМША |
Халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-жәрмеңке іс-шараларының 2019 – 2020 жылдарға арналған ТІЗБЕСІ
Іс-шараның атауы | Өткізу орны | Өткізудің болжамды мерзімі |
---|---|---|
1. "Жасыл апта" жыл сайынғы халықаралық көрме-жәрмеңкесі | Германия, Берлин қ. | қаңтар |
2. "World Ag Expo" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі | АҚШ, Тулур қ. | ақпан |
3. "Biofach" табиғи өнімдер мен тауарлардың жыл сайынғы халықаралық көрмесі | Германия, Нюрберг қ. | ақпан |
4. Парсы шығанағы елдерінің "Gulfood" қонақүй-мейрамхана бизнесі мен кулинария өнімдерінің, сусындарының, жабдығының жыл сайынғы халықаралық көрмесі | БАӘ, Дубай қ. | ақпан |
5. "Paris International Agricultural Show" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі | Франция, Париж қ. | ақпан –наурыз |
6. "FoodEx Japan" тамақ өнімдері мен сусындардың жыл сайынғы халықаралық көрмесі | Жапония, Тиба қ. | наурыз |
7. "AGRAme" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі | БАӘ, Дубай қ. | наурыз |
8. "Agrotech-Agropars" жыл сайынғы халықаралық көрмесі | Иран, Шираз қ. | сәуір |
9. Мароккодағы "SIAM" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі | Марокко, Мекнес қ. | сәуір |
10. "AGRISHOW" ауыл шаруашылығы техникасы мен өнімінің жыл сайынғы халықаралық көрмесі | Бразилия, Рибейрао-Прету қ. | сәуір –мамыр |
11. "SIAL China" тамақ өнімдері мен мамандандырылған жабдықтың жыл сайынғы халықаралық көрмесі | Қытай, Шанхай қ. | мамыр |
12. "CASPIAN AGRO" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі | Әзербайжан, Баку қ. | мамыр |
13. "NAMPO" жыл сайынғы халықаралық көрмесі | ОАР, Ботавиль қ. | мамыр |
14. "International Agricultural Fair" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі | Сербия, Нови-Сад қ. | мамыр |
15. "OPOLAGRA" ауыл шаруашылығы өнімінің жыл сайынғы көрмесі | Польша, Камень-Сленски қ. | маусым |
16. "Iran Agro" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі | Иран, Тегеран қ. | маусым |
17. "Agri IntEx" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі | Индия, Коимбатор қ. | шілде |
18. "Agrocomplex" жыл сайынғы халықаралық көрмесі | Словакия, Нитра қ. | тамыз |
19. "FARMER EXPO" ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің жыл сайынғы халықаралық көрмесі | Венгрия, Дюбренец қ. | тамыз |
20. "ЗЕМЛЯ КОРМИЛИЦА" жыл сайынғы халықаралық аграрлық көрмесі | Чехия, Ческе-БудеҰвице қ. | тамыз |
21. "FOODAGRO KENYA" жыл сайынғы халықаралық көрмесі | Кения, Найроби қ. | қыркүйек |
22. "Agromalim" жыл сайынғы халықаралық көрмесі |
Румыния, | қыркүйек |
23. "Anuga" дайын тамақ өнімдері мен сусындардың жыл сайынғы халықаралық көрмесі |
Германия, | қазан |
24. "INDAGRA" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі |
Румыния, |
қазан – |
25. "Fieragricola" халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі |
Италия, |
2020 ж. қаңтар – |