Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 219 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011) техникалық регламентін қолдану және оның талаптарын орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің "МЕМСТ 33670-2015 "Жекелеген автомобиль көлік құралдары. Сәйкестікке бағалау жүргізуге арналған сараптамалар мен сынақтар әдістеріне" қатысты 1, 18 және 65-тармақтары "Ескертпе" бағанында "01.07.2019 бастап қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2019 жылғы 28 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |