Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін ішкі саудадағы салық салу бөлігінде орындау мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қырғыз Республикасына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 71-бабының 2-тармағын және Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтеркөрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау механизмі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №18 қосымша) 14-тармағын салық салуды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қатысты бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдану бөлігінде орындау қажеттігі жайында хабар білдірілсін.
2. Қырғыз Республикасы Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |