Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 80 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттар тізбесінде:
а) 391-позицияда 3-графадағы "2015" деген цифрлар "2018" деген цифрлармен ауыстырылсын;
б) 395-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"395 | ӨОӘ МН 4894-2018 | Жануарлардан алынған өнімдегі стрептомициннің массалық үлесін MaxSignal®Streptomycin ELISA Test Kit реагенттер жиынтығы мен ИФТантибиотик-стрептомицинді пайдалана отырып ИФТ әдісімен өлшеуді орындау әдістемесі | стандарттар тізбесіне тиісті мемлекетаралық стандарт енгізілгенге дейін қолданылады |
";
в) 361, 374, 384 – 394, 396, 397, 460, 463 – 466, 524 – 526 позицияларда 5-графада "01.07.2019 дейін қолданылады" деген сөздер "стандарттар тізбесіне тиісті мемлекетаралық стандарт енгізілгенге дейін қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |