Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін бәсекелестіктің жалпы қағидаттарын сақтау бөлігінде орындау мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Армения Республикасына электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті өндіріс коньягінің жарнамасын орналастыру кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 75-бабының 1-тармағын бәсекелестіктің жалпы қағидаттарын сақтау бөлігінде орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін.
2. Армения Республикасының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |