2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 57-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (Шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші және тоғызыншы абзацтарына, Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (Шартқа № 12 қосымша) 4-тармағының төртінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 6, 9 және 21-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешімінің қабылдануына байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер туралы" № 80 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 102 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Осы Шешіммен бекітілген Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бірыңғай нысаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80 шешімімен БЕКІТІЛГЕН (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 102 шешімінің редакциясында) |
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің БІРЫҢҒАЙ НЫСАНЫ
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ (1)
_____________________________________________________________________(Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы)
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК |
_______жылғы "__"_________ № ____________(3)
ӨНІМ____________________________________________________(4) | ||
М. О. | ||
______________________________ |
___________ |
______________ |
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ______________________________________________________________ (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы)
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ҚОСЫМША _______жылғы "___" ___________ №_______________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________М. О. | ||||||
(Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы басшысының (уәкілетті адамының) лауазымы) | (қолы) | (Т. А. Ә.) | ||||
_____ парақтан _________ парақ | №___________". |
2. Осы Шешіммен бекітілген Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу қағидасында:
а) 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Куәлік электрондық құжат түрінде ресімделуі мүмкін.";
б) 5-тармақтың "а" тармақшасының екінші абзацы "(электрондық құжат түрінде ұсынылуы мүмкін)" деген сөздермен толықтырылсын;
в) 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Куәлікті ресімдеу мақсатында өнімді зерттеуді (сынауды) және өлшеуді Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) (бұдан әрі – сынақ зертханалары (орталықтары)) жүргізеді.
8. Өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын куәлікті ресімдеген жағдайда, зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер өткізу мақсатында өнімді сәйкестендіруді және сынамаларды (үлгілерді) іріктеуді зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне енгізілген құжаттарда бекітілген қағидалар бойынша дайындаушының қоймасында (Одақтың кедендік аумағында дайындалған өнім үшін) не дайындаушының немесе өтініш берушінің қоймасында (Одақтың кедендік аумағынан тыс дайындалған өнім үшін) дайындаушы немесе өтініш беруші не өтініш берушінің тапсырмасы (өтініші) бойынша және оның қатысуымен сынақ зертханасы (орталығы) жүргізеді. Өнімнің сынамаларын (үлгілерін) іріктеуге мүше мемлекеттің аккредиттелген инспекциялау органына рұқсат етіледі.
Өнімнің Бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын куәлікті ресімдеген жағдайда, зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер өткізу мақсатында Одақтың кедендік аумағында дайындалған өнімнің сынамаларын (үлгілерін) іріктеуді сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.
Өнімнің Бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкестігіне зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер өткізу мақсатында Одақтың кедендік аумағынан тыс дайындалған өнімнің сынамалары (үлгілері) өнімді дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген адамның) ілеспе хатымен қоса және сынақ зертханасымен (орталығымен) жасасқан шарттың көшірмесі немесе сынақ зертханасының (орталығының) хаты қоса тіркеле отырып ұсынылады. Пошталық жөнелтілімдермен келіп түскен өнімнің сынамалары (үлгілері) және тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері "Әкелуге рұқсат берілген" деген белгі қойылмай-ақ қабылданады.";
г) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын куәлікті ресімдеген жағдайда, мұндай куәлік ол берілген күннен бастап 5 жыл ішінде (егер техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) өзгеше көзделмесе) қолданыста болады.
Өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын куәліктің қолданысы зерттеулерден (сынақтардан) және өлшемдерден өткен өнімнің іріктелген сынамалары (үлгілері) дайындалған күннен бастап дайындалған өнімге қолданылады.
Өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын куәліктің қолданылу мерзімі ішінде Одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылған өнімге қатысты, мұндай өнімді дайындаушы көздеген жарамдылық (сақтау) мерзімдерінің соңына дейін (егер техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) өзгеше көзделмесе) өткізуге жол беріледі.
Өнімнің Бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын куәлікті ресімдеген жағдайда, куәлік оны берген күннен бастап өнімді дайындаудың немесе өнімді Одақтың кедендік аумағына әкелудің барлық кезеңі ішінде және Одақтың кедендік аумағында айналымдағы өнімді толық өткізгенге дейін (оның дайындаушы көздеген жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ескере отырып) қолданыста болады.";
д) 21-тармақта:
"и" және "к" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"и) 9-жолда – куәліктің қолданысы тоқтатылған күн (күні – екі араб цифрымен, айы – екі араб цифрымен, жылы – төрт араб цифрымен). Куәліктің қолданысы мерзімсіз деп белгіленген жағдайда "шектеулі емес" деген жазу жасалады;
к) 10-жолда – куәлікті (мөрді басып) берген уәкілетті орган басшысының (уәкілетті адамының) лауазымы, қолы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса). Қолтаңбаның орнына факсимилені пайдалануға жол берілмейді;";
мынадай мазмұндағы "л" тармақшасымен толықтырылсын:
"л) 11 жолда – куәлік бланкісін дайындау кезінде қойылатын типографиялық нөмір (куәлік электрондық құжат түрінде ресімделген жағдайда талап етілмейді).";
е) 25-тармақтың бірінші абзацындағы "Мынадай" деген сөз "Өнімнің Бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын куәлік ресімделген жағдайда, мынадай" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) мынадай мазмұндағы 251-тармақпен толықтырылсын:
"251. Өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын куәлікті ресімдеген жағдайда куәлікті (оған қосымшаны) қосымша немесе қайта зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер өткізбестен ауыстыру Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешімімен бекітілген сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемасының 166-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
з) 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Куәлікті (оған қосымшаны) өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштеріне қатысы жоқ мәліметтермен, халықтың жекелеген топтарының өнімнің белгілі бір түрлерін қолдануына көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы мәліметтермен және гигиеналық маңызы жоқ (мысалы, өнімнің қосымша нысандары мен көлемдерін, тұтынушылық ораманың түрлерін, тауар белгілерін және т.б. көрсете отырып) мәліметтермен толықтыру қажет болған жағдайда, зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қосымша хаттамаларын, өнімге сараптамалық қорытындыларды (қорытындыларды) уәкілетті органға ұсынбастан куәлікті (оған қосымшаны) ауыстыруға жол беріледі.";
и) мынадай мазмұндағы 301-тармақпен толықтырылсын:
"301. Өтініш берушінің өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын куәлікті беру туралы өтінішін қарау кезінде өтініш беруші өнімнің Бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын мемлекеттік тіркеу рәсімін өткізу шеңберінде берілген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер хаттамаларын ұсынған жағдайда, егер Бірыңғай санитариялық талаптарда белгіленген тиісті көрсеткіштер және (немесе) олардың рұқсат етілген деңгейі техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) белгіленген көрсеткіштермен және (немесе) олардың рұқсат етілген деңгейімен бірдей болса, уәкілетті орган қайта зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер өткізбестен куәлікті беруді жүзеге асырады.
Өнімнің Бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкестігіне зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер хаттамасының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.".
3. Осы шешіммен бекітілген Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібінің 7-тармағында:
а) мынадай мазмұндағы "б1" тармақшасымен толықтырылсын:
"б1) куәліктің қолданылу мерзімі (егер куәлікте куәліктің қолданысын тоқтату күні белгіленбесе, "шектеулі емес" деген жазба жасалады);";
"есептік" деген сөз "типографиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"(куәлік электрондық құжат түрінде ресімделген жағдайда талап етілмейді)" деген сөздермен толықтырылсын;
в) "з" тармақшасындағы "және оның орналасқан жерінің мекенжайы" деген сөздер алып тасталсын;
г) "м" тармақшасындағы "Кеден одағының сертификаттау және сынақ зертханалары (орталықтары) жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне" деген сөздер "Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын.