Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімін басшылыққа ала отырып Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласында жалпы процестерді іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 131 шешімімен |
|
БЕКІТІЛГЕН |
Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласында жалпы процестерді іске асыру ҚАҒИДАЛАРЫ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар жеткізілетін орын мемлекетіне орын ауыстыратын ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың (бұдан әрі – бақылаудағы тауарлар) ілеспе ветеринариялық сертификаттар және бақылаудағы тауарларды әкелуге (әкетуге, транзитіне) рұқсаттар (бұдан әрі – рұқсаттар) туралы мәліметтер алмасуға қатысты бөлігінде ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласында Еуразиялық экономикалық одағы шеңберінде жалпы процестерді (бұдан әрі тиісінше – жалпы процестер, Одақ) іске асыруға қойылатын талаптарды, жалпы процестердің мақсаты мен міндеттерін, Одаққа мүше мемлекеттердің ветеринария саласындағы мемлекеттік органдары (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер) арасындағы, сондай-ақ уәкілетті органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырылатын функцияларды, олардың арасында мәліметтер алмасу тәртібін және жалпы процестерді іске асыру кезінде берілетін мәліметтердің құрамын белгілейді.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"дерекқор" – мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті лауазымды тұлғалар берген рұқсаттар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурс;
"жеткізілетін орын мемлекеті" – аумағында бақылаудағы тауарлар жеткізілетін орын орналасқан мүше мемлекет;
"жөнелтілген орын мемлекеті" – аумағында бақылаудағы тауарлар жөнелтілген орын орналасқан мүше мемлекет.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен белгіленген мәндерде қолданылады.
II. Мақсаттары мен міндеттері
3. Жалпы процестерді іске асыру мақсаттары:
а) Одақтың кедендік аумағында жануарлардың, соның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарын және бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін жануарлардан алынатын тауарларды (өнімдерді) әкелуге және таралуына жол бермеу шараларын қолдану арқылы ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүргізу тиімділігін арттыру;
б) бақылаудағы тауарларды өндіру, тасымалдау және мүше мемлекеттердің аумақтарында өткізу кезінде ветеринариялық-санитариялық шараларды қолданудың транспаренттілігін және олардың қадағалануын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Жалпы процестерді іске асыру мақсаттарына қол жеткізу:
а) электронды түрде ветеринариялық сертификаттарды беруді қамтамасыз ету (мүше мемлекеттерде электронды ветеринариялық сертификаттау жүйесінің дайындығына қарай);
б) уәкілетті органдар арасында жеткізілетін орын мемлекетіне орын ауыстыратын бақылаудағы тауарларға берілген ілеспе ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер (бұдан әрі – ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер) алмасуды іске асыру;
в) уәкілетті органдарға бақылаудағы тауарларды тасымалдауды тоқтата тұру жағдайлары, мұндай жағдайлардың туындау себептері және қабылданған шаралар туралы хабарлау;
г) уәкілетті органдар арасында рұқсаттар туралы мәліметтерді алмасуды іске асыру арқылы дерекқор құру, қалыптастыру және жүргізу есебінен қамтамасыз етіледі.
III. Жалпы процестерге қатысушылар
5. Жалпы процестердің қатысушылары уәкілетті органдар мен Комиссия болып табылады.
6. Жалпы процестерді іске асыру шеңберінде уәкілетті органдар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
а) жеткізілетін орын мемлекетінің уәкілетті органына ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну;
б) басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органының сұрауы бойынша ветеринариялық серификаттар туралы мәліметтерді ұсыну;
в) жөнелтілген орын мемлекетінің және жеткізілетін орын мемлекетінің уәкілетті органдарына ветеринариялық сертификаттардың мәртебесі туралы мәліметтерді (соның ішінде бақылаудағы тауарларды қарап тексеру (алып қою) кезінде) ұсыну;
г) жөнелтілген орын мемлекетінің уәкілетті органына оларды өтеген кезде ветеринариялық сертификаттардың мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну;
д) жөнелтілген орын мемлекетінің және жеткізілетін орын мемлекетінің уәкілетті органдарына бақылаудағы тауарларды тасымалдауды тоқтата тұратын жағдайлар туралы хабарлау;
е) Комиссияның сұрауы бойынша ветеринариялық сертификаттар мен рұқсаттар туралы жинақталған мәліметтерді ұсыну;
ж) мүше мемлекеттер дерекқорының ұлттық бөлігін қалыптастыру және жүргізу;
з) басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына берілген рұқсаттар туралы хабарлау;
и) басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органының сұрауы бойынша дерекқордың ұлттық бөлігінен рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну.
7. Комиссия ветеринариялық сертификаттар туралы, соның ішінде ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар туралы жалпыланған мәліметтер, сондай-ақ сұрау бойынша уәкілетті органдардан алынған рұқсаттар туралы жалпыланған мәліметтер негізінде жалпы процестерді іске асыру мониторингін және тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
8. Жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл № 1 қосымшаға сәйкес функционалдық схемалар бойынша жүзеге асырылады.
IV. Ақпараттық ресурстар мен сервистер
9. Жалпы процестерді іске асыру шеңберінде қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті органдар қамтамасыз ететін ұлттық бөліктерден тұратын дерекқорды қалыптастыру және жүргізу қамтамасыз етіледі.
10. Ветеринариялық сертификаттар туралы және бақылаудағы тауарларды тасымалдауды тоқтата тұру жағдайлары туралы мәліметтер мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық ресурстарында сақталады.
11. Рұқсаттар мен ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер Одақтың ақпараттық порталында жариялауға жатпайды.
V. Ақпараттық өзара іс-қимылдың ерекшеліктері
12. Жалпы процестерге қатысушылардың ақпараттық өзара іс-қимылы Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарын пайдалана отырып автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
13. Уәкілетті органдардың, сондай-ақ уәкілетті органдар мен Комиссияның Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарын пайдалана отырып ақпараттық өзара іс-қимылы осындай өзара іс-қимылды реттейтін, соның ішінде электрондық құжаттардың (мәліметтердің) форматы мен құрылымын белгілейтін технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Жалпы процестерді іске асыру кезінде уәкілетті органдар арасында, сондай-ақ уәкілетті органдар мен Комиссия арасында берілетін мәліметтердің құрамы № 2 қосымшаға сәйкес ұсынылған.
VI. Жалпы процестерді іске асыру бойынша іс-шаралар
15. Комиссия Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жалпы процестерді іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды реттейтін технологиялық құжаттарды әзірлейді және бекітеді.
16. Уәкілетті органдар Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жалпы процестерді іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін тиісті ақпараттық жүйелерді әзірлеуді (жетілдіруді) және оларды Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттеріне қосылуын қамтамасыз етеді.
17. Жалпы процестерді қолданысқа енгізу рәсімдерін орындауды үйлестіруді, жалпы процестерді іске асыру мониторингі мен нәтижелерін талдауды Комиссия жүзеге асырады.
Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру қағидаларына № 1 ҚОСЫМША |
Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СХЕМАЛАРЫ
1-сурет. Әкелуге (әкетуге, транзитке) рұқсаттардың дерекқорын жүргізу кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың функционалдық схемасы
Уведомляющий уполномоченный орган – Хабарлаушы уәкілетті орган
Уведомляемый уполномоченный орган – Хабарланатын уәкілетті орган
Уполномоченный орган – Уәкілетті орган
Уведомление о выданном разрешении – Берілген рұқсат туралы хабарлама
Формирование и ведение национальной части базы данных разрешений – Рұқсаттар дерекқорының ұлттық бөлігін қалыптастыру және жүргізу
Предоставление сведений о разрешениях по запросу – Сұрау бойынша рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну
Получение уведомления о выданном разрешении – Берілген рұқсат туралы хабарлама алу
Получение по запросу сведений о разрешениях – Сұрау бойынша рұқсаттар туралы мәліметтерді алу
Предоставление обобщенных сведений о разрешениях по запросу – Сұрау бойынша рұқсаттар туралы жинақталған мәліметтерді ұсыну
Получение по запросу обощенных сведений о разрешениях – Сұрау бойынша рұқсаттар туралы жинақталған мәліметтерді алу
Сведения о разрешениях – Рұқсаттар туралы мәліметтер
Национальная часть базы данных разрешений – Рұқсаттар дерекқорының ұлттық бөлігі
2-сурет. Ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер алмасу кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың функционалдық схемасы
Уполномоченный орган государства места отправления – Жөнелтілген орын мемлекетінің уәкілетті органы
Уполномоченный орган государства места назначения – Жеткізілетін орын мемлекетінің уәкілетті органы
Уполномоченный орган – Уәкілетті орган
Получение сведений о статусе ветеринарных сертификатов при осмотре (изъятии) товара – Тауарды қарап тексеру (алып қою) кезінде ветеринариялық сертификаттардың мәртебесі туралы мәліметтерді алу
Представление сведений о статусе ветеринарных сертификатов при осмотре (изъятии) товара – Тауарды қарап тексеру (алып қою) кезінде ветеринариялық сертификаттардың мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну
Получение сведений о статусе ветеринарных сертификатов при их погашении – Оларды өтеген кезде ветеринариялық сертификаттардың мәртебесі туралы мәліметтерді алу
Представление сведений о статусе ветеринарных сертификатов при их погашении – Оларды өтеген кезде ветеринариялық сертификаттардың мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну
Представление сведений о выданных ветеринарных сертификатах – Берілген ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну
Получение сведений о выданных ветеринарных сертификатах – Берілген ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді алу
Формирование и ведение национального информационного ресурса – Ұлттық ақпараттық ресурсты қалыптастыру және жүргізу
Представление сведений о ветеринарных сертификатах (по запросу) – Ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну (сұрау бойынша)
Получение по запросу сведений о ветеринарных сертификатах – Сұрау бойынша ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді алу
Представление обобщенных сведений о выданных ветеринарных сертификатах (по запросу) – Берілген ветеринариялық сертификаттар туралы жалпыланған мәліметтерді ұсыну (сұрау бойынша)
Получение по запросу обобщенных сведений о выданных ветеринарных сертификатах – Сұрау бойынша берілген ветеринариялық сертификаттар туралы жалпыланған мәліметтерді алу
Получение уведомления о случаях приостановления движения товаров – Тауарлар қозғалысын тоқтату тұру жағдайлары туралы хабарлама алу
Уведомление о случаях приостановления движения товаров – Тауарлар қозғалысын тоқтату тұру жағдайлары туралы хабарлама
Сведения о ветеринарных сертификатах – Ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер
Сведения о случаях приостановления движения товаров – Тауарлар қозғалысын тоқтата тұру жағдайлары туралы мәліметтер
Национальный информационный ресурс – Ұлттық ақпараттық ресурс
Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру қағидаларына № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде берілетін мәліметтердің ҚҰРАМЫ
1. Осы құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ветеринария саласындағы мемлекеттік органдары (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер) мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында аумағында осындай тауарларды жеткізу орны орналасқан мүше мемлекетке орын ауыстыратын ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға (бұдан әрі – бақылаудағы тауарлар) ілеспе ветеринариялық сертификаттар және бақылаудағы тауарларды әкелуге (әкетуге, транзитіне) рұқсаттар туралы мәліметтер алмасуға қатысты бөлігінде жалпы процестерді (бұдан әрі – жалпы процестер) іске асыру кезінде берілетін мәліметтердің құрамын белгілейді.
2. Жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу кезеңінде мәліметтердің құрамы егжей-тегжейлі нақтыланады, сондай-ақ электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматы мен құрылымы белгіленеді.
3. Жалпы процестерді іске асыру шеңберінде құрамы 1 – 7-кестелерде келтірілген мәліметтер беріледі.
4. Кестелерде мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылады:
"элементтің атауы" – элементтің реттік нөмірі және қалыптасқан немесе ресми ауызекі белгісі;
"элементтің сипаттамасы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"ескерту" – элементтің мақсатын нақтылайтын, оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын белгілейтін мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің ауызекі сипаттамасы;
"көпше" – элементтердің көптігі (элементтің ықтимал қайталану міндеттілігі (опционалдылық) және саны).
5. Берілетін деректер элементтерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – элемент міндетті, қайталауға жол берілмейді;
1..* – элемент міндетті, ешбір шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..1 – элемент опционалды, қайталауға жол берілмейді;
0..* – элемент опционалды, ешбір шектеусіз қайталануы мүмкін.
1-кесте
Ветеринариялық сертификат туралы мәліметтер құрамы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескерту | Көп-ше |
1. Ветеринариялық сертификат туралы мәліметтер | ветеринариялық сертификаттың деректемелері |
элемент мыналарды міндетті көрсету үшін тағайындалған: | 1 |
2. Ветеринариялық сертификатты берген уәкілетті орган | ветеринариялық сертификатты берген уәкілетті орган туралы мәліметтер жиынтығы |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3. Ветеринариялық сертификаттың иесі | ветеринариялық сертификат берілген заңды немесе жеке тұлға туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
4. Бақылаудағы тауар (өнім) | ветеринариялық сертификат берілген бақылаудағы тауар (өнім) туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
жануарлардың Одақ аумағында болу кезеңі (№ 1 нысан үшін толтырылады) | |||
5. Жүкті жөнелтуші | жөнелтуші ұйым және (немесе) экспедитор туралы және олардың орналасқан жері туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
6. Жүкті алушы | алушы және жүру бағыты туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
7. Тасымалдау талаптары мен мақсаттары | бақылаудағы тауарды (өнімді) тасымалдау талаптары мен мақсаттары туралы ақпарат |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
8. Карантиндеу | карантиндеуді жүргізу туралы ақпарат |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
9. Зертханалық зерттеу | зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпарат |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..* |
10. Жануарларды ветеринариялық өңдеу | паразиттерге қарсы иммундау және өңдеу туралы ақпарат |
элемент оған қарсы өңдеу жүргізілген ауруды және өңдеу күнін, әдісін көрсету үшін тауғайындалған | 0..* |
11. Ветеринариялық-санитариялық сараптама | ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу туралы ақпарат |
элемент ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру толықтығын және оны жүргізу нәтижелерін, сондай-ақ ықтимал мәндермен өнімді одан әрі пайдалануды санитариялық бағалауды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
12. Бақылаудағы тауарды (өнімді) қарап тексеру (алып қою) | бақылаудағы тауарды (өнімді) жүру жолында және жеткізу орнында ветеринариялық-санитариялық қарап тексеру туралы ақпарат |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..* |
орындардың саны (дана) және қарап тексерілген өнімнің (шикізаттың) салмағы, соның ішінде: | |||
13. Техникалық шикізатты және жемшөпті ветеринариялық өңдеу | технологиялық шикізатты және жемшөптерді өңдеу туралы ақпарат |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..* |
14. Айрықша белгілері | қосымша ақпарат |
аса қауіпті аурулармен ауырып жазылған жөнелтуге жататын жануарлар немесе айрықша талаптармен және арнайы рұқсат (нұсқаулық) бойынша тасымалдау туралы ақпаратты, оның нөмірін, күнін және оны берген уәкілетті орган туралы өзге де мәліметтерді қамтитын айрықша белгілер көрсетіледі; | 0..1 |
15. Лауазымды тұлға | ветеринариялық сертификатты берген уәкілетті органның лауазымды тұлғасы туралы ақпарат |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
2-кесте
Тауарларды тасымалдауды тоқтата тұру туралы хабарлама мәліметтерінің құрамы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескерту | Көпше |
1. Тауарларды тасымалдауды тоқтата тұру туралы хабарламаның тіркеу нөмірі | бақылаудағы тауарларды тасымалдауды тоқтата тұру жағдайы туралы хабарламаның уәкілетті орган берген тіркеу нөмірі | бақылаудағы тауарларды тасымалдауды тоқтата тұру жағдайы туралы хабарламаның ұлттық ақпараттық ресурсқа сәйкес берілген тіркеу нөмірі көрсетіледі | 1 |
2. Тауарларды кідірту күні және уақыты | бақылаудағы тауарларды тасымалдауды тоқтата тұру күні мен уақыты | МЕМСТ ИСО 8601–2001 сәйкес күні мен уақытының белгісі | 1 |
3. Бұзушылық туралы акт | мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы тауарларды тасымалдау кезінде Бірыңғай ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылуы туралы акті туралы мәліметтер (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге № 1 қосымша) | бақылаудағы тауарларды тоқтата тұру фактісі бойынша толтырылған мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы тауарларды тасымалдау кезінде Бірыңғай ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылуы туралы актінің деректемелері көрсетіледі (қажет болған жағдайда) | 0..1 |
4. Кідірту орны | бақылаудағы тауарлардың қозғалысын тоқтата тұру жүргізілген орын туралы және кідіртуді жүргізген және (немесе) қатысқан лауазымды тұлғалар туралы мәліметтер |
элемент өткізу пунктінің орналасқан жері мен лауазымды тұлғалары немесе бақылаудағы тауарды кідірту жүргізілген өзге орын туралы мәліметтерді көрсету үшін тағайындалған, соның ішінде: | 1 |
5. Бақылаудағы тауар (өнім) | оған қатысты тасымалдауды тоқтата тұру қолданылған бақылаудағы тауар (өнім) туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 1 |
6. Ветеринариялық сертификат туралы мәліметтер | ветеринариялық сертификаттың деректемелері |
элемент мыналарды міндетті көрсету үшін тағайындалған: | 1 |
7. Жүкті жөнелтуші | жөнелтуші ұйым және (немесе) экспедитор туралы және олардың орналасқан жері туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
8. Жүкті алушы | алушы және жүру бағыты туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
9. Тасымалдау талаптары мен мақсаттары | бақылаудағы тауарды (өнімді) тасымалдау талаптары мен мақсаттары туралы ақпарат |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
10. Кідірту себебі | бақылаудағы тауарларды тасымалдауды тоқтата тұру себептерінің сипаттамасы |
элемент ықтимал мәндермен бақылаудағы тауарлардың қозғалысын тоқтата тұру себептерін көрсету үшін тағайындалған: | |
03 – бақылаудағы тауарларды бақылау үшін ұсынылған бақылаудағы тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттардағы деректердің сәйкес келмеуі; | 1..* | ||
11. Қабылданған шаралар | бақылаудағы тауарларды тасымалдауды тоқтата тұру жағдайын қарастыру нәтижелері бойынша қабылданған шаралардың сипаттамасы |
элемент ықтимал мәндермен бақылаудағы тауарлардың қозғалысын тоқтата тұру жағдайын қарастыру нәтижелері бойынша қабылданған шараларды көрсету үшін тағайындалған: | 1..* |
3-кесте
Ветеринариялық сертификаттар туралы жинақталған мәліметтерді сұрау құрамы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескерту | Көп-ше |
1. Бастапқы күні мен уақыты | мәліметтер ұсынылатын есепті кезеңнің бастапқы күні мен уақыты | МЕМСТ ИСО 8601–2001 сәйкес күні мен уақытының белгісі | 1 |
2. Соңғы күні мен уақыты | мәліметтер ұсынылатын есепті кезеңнің соңғы күні мен уақыты | МЕМСТ ИСО 8601–2001 сәйкес күні мен уақытының белгісі | 0..1 |
3. Ветеринариялық сертификаттың түрі (нысаны) | ветеринариялық сертификаттың түрі (нысаны) |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
4. Бақылаудағы тауар (өнім) | ветеринариялық сертификат берілген бақылаудағы тауар (өнім) туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
5. Ветеринариялық сертификатты берген уәкілетті орган | ветеринариялық сертификатты берген уәкілетті орган туралы мәліметтер жиынтығы |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
6. Жүкті жөнелтуші | жөнелтуші ұйым және (немесе) экспедитор туралы және олардың орналасқан жері туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
7. Жүкті алушы | алушы туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
8. Кідірту себебі | бақылаудағы тауарлардың қозғалысын тоқтата тұру себебі | элемент сұрауда бақылаудағы тауарлардың қозғалысын тоқтата тұру себебінің кодын көрсету үшін тағайындалған | 0..* |
4-кесте
Ветеринариялық сертификаттар туралы жинақталған мәліметтердің құрамы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескерту | Көпше |
1. Мүше мемлекет | ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді ұсынған мүше мемлекет | ISO 3166-1 халықаралық стандартына сәйкес әлем елдерінің кодтары мен атауларының тізбесін қамтитын әлем елдері сыныптауышынан елдің екі таңбалы әріптік коды пайдаланылады | 1 |
2. Кезең | ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер ұсынылатын кезең | элемент ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер ұсынылатын кезеңде бастапқы және соңғы күні мен уақытын көрсету үшін тағайындалған | 1 |
3. Ветеринариялық сертификаттар туралы жалпыланған мәліметтер | ветеринариялық сертификаттар туралы жалпыланған мәліметтердің жиынтығы | 1 | |
3.1. Ветеринариялық сертификаттың түрі (нысаны) | ветеринариялық сертификаттың түрі (нысаны) |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.2. Бақылаудағы тауар (өнім) | ветеринариялық сертификат берілген бақылаудағы тауар (өнім) туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.3. Ветеринариялық сертификатты берген уәкілетті орган | ветеринариялық сертификатты берген уәкілетті орган туралы мәліметтер жиынтығы |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.4. Жүкті жөнелтуші | жөнелтуші ұйым және (немесе) экспедитор туралы және олардың орналасқан жері туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.5. Жүкті алушы | алушы туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.6. Кідірту себебі | бақылаудағы тауарлардың қозғалысын тоқтата тұру себебі | элемент бақылаудағы тауарлардың қозғалысын тоқтата тұрудың ықтимал себептерін көрсету үшін тағайындалған | 0..* |
3.7. Берілген ветеринариялық сертификаттардың саны | берілген ветеринариялық сертификаттардың саны | белгіленген параметрлерге сәйкес берілген ветеринариялық сертификаттардың саны көрсетіледі | 1 |
5-кесте
Рұқсаттар туралы мәліметтердің құрамы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескерту | Көп-ше |
1. Рұқсат туралы мәліметтер | бақылаудағы тауарды әкелуге (әкетуге, транзитіне) берілген рұқсат туралы мәліметтер |
элемент мыналарды міндетті көрсету үшін тағайындалған: | 1 |
2. Рұқсат алуға өтініш | бақылаудағы тауарды әкелуге (әкетуге, транзитіне) рұқсат алуға өтініш туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3. Уәкілетті органның аумақтық басқармасы | бақылаудағы тауарды әкелуге (әкетуге, транзитіне) рұқсат беруді келісуді қамтамасыз ететін уәкілетті органның аумақтық басқармасы | элемент рұқсат беруді келісуді қамтамасыз ететін уәкілетті органның аумақтық басқармалары және аумақтық басқармалардың лауазымды тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін тағайындалған | 0..* |
4. Бақылаудағы тауар (өнім) | бақылаудағы тауар (өнім) туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
дайындаушы немесе жануар иесі туралы мәліметтер (кәсіпорынның атауы және мекенжайы, кәсіпорын иесінің тегі, аты және әкесінің аты) (бар болған жағдайда); | |||
5. Ветеринариялық сертификат туралы мәліметтер | бақылаудағы тауарға (өнімге) ілеспе ветеринариялық сертификаттың деректемелері |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
6. Жүкті жөнелтуші | жөнелтуші ұйым және (немесе) экспедитор туралы және олардың орналасқан жері туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
7. Жүкті алушы | алушы және жүру бағыты туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
8. Тасымалдау талаптары мен мақсаттары | бақылаудағы тауарды (өнімді) тасымалдау талаптары мен мақсаттары туралы ақпарат |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
9. Қосымша ақпарат | қосымша ақпарат | – | 0..1 |
10. Лауазымды тұлға | бақылаудағы тауарды әкелуге (әкетуге, транзитіне) рұқсатты берген лауазымды тұлға туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
6-кесте
Рұқсаттар туралы жинақталған мәліметтерді сұрау құрамы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескерту | Көп-ше |
1. Бастапқы күні мен уақыты | мәліметтер ұсынылатын есепті кезеңнің бастапқы күні мен уақыты | МЕМСТ ИСО 8601–2001 сәйкес күні мен уақытының белгісі | 1 |
2. Соңғы күні мен уақыты | мәліметтер ұсынылатын есепті кезеңнің соңғы күні мен уақыты | МЕМСТ ИСО 8601–2001 сәйкес күні мен уақытының белгісі | 0..1 |
3. Рұқсат туралы мәліметтер | бақылаудағы тауарды әкелуге (әкетуге, транзитіне) берілген рұқсат туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
4. Бақылаудағы тауар (өнім) | рұқсат берілген бақылаудағы тауар (өнім) туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
5. Уәкілетті орган | рұқсатты берген уәкілетті орган туралы мәліметтер жиынтығы |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
6. Жүкті жөнелтуші | жөнелтуші ұйым және (немесе) экспедитор туралы және олардың орналасқан жері туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
7. Жүкті алушы | алушы туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1- |
7-кесте
Рұқсаттар туралы жинақталған мәліметтер құрамы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескерту | Көп-ше |
1. Мүше мемлекет | рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсынған мүше мемлекет | ISO 3166-1 халықаралық стандартына сәйкес әлем елдерінің кодтары мен атауларының тізбесін қамтитын әлем елдері сыныптауышынан елдің екі таңбалы әріптік коды пайдаланылады | 1 |
2. Кезең | рұқсаттар туралы мәліметтер ұсынылатын кезең | элемент ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер ұсынылатын кезеңде бастапқы және соңғы күні мен уақытын көрсету үшін тағайындалған | 1 |
3. Рұқсаттар туралы жинақталған мәліметтер | рұқсаттар туралы жинақталған мәліметтер жиынтығы | – | 1 |
3.1. Рұқсат туралы мәліметтер | бақылаудағы тауарды әкелуге (әкетуге, транзитіне) берілген рұқсат туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.2. Бақылаудағы тауар (өнім) | рұқсат берілген бақылаудағы тауар (өнім) туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.3. Рұқсатты берген уәкілетті орган | рұқсатты берген уәкілетті орган туралы мәліметтер жиынтығы |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.4. Жүкті жөнелтуші | жөнелтуші ұйым және (немесе) экспедитор туралы және олардың орналасқан жері туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.5. Жүкті алушы | алушы туралы мәліметтер |
элемент мыналарды көрсету үшін тағайындалған: | 0..1 |
3.6. Берілген рұқсаттардың саны | берілген рұқсаттардың саны | белгіленген параметрлерге сәйкес берілген рұқсаттардың саны көрсетіледі | 1 |