Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін Одақтың техникалық регламентінің (Одақтың техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкес келетін өнім айналысын өз аумағында осындай өнімнің сәйкестігін бағалаудың қосымша рәсімдерін жүргізбей қамтамасыз ету бөлігінде орындау мониторингі нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Беларусь Республикасына Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 24 қаулысын спортшылар тағамына арналған биологиялық белсенді қоспалар мен арнайы тағамдық өнімдердің сәйкестігін бағалау рәсімін жүргізу талаптары бөлігінде қолдану кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабының 2-тармағын орындау қажеттігі жайында хабар білдірілсін.
2. Беларусь Республикасы Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |