2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 30-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Қызметшілер лауазымдарының (дәрілік заттар өндірісіне және айналысына жататын лауазымдар бөлігінде) сыныптауышы (бұдан әрі – Сыныптауыш) бекітілсін.
2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Мынадай:
Сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күнінен бастап қолданылады;
Сыныптауыштың кодтық белгіленімдерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысы саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 206 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қызметшілер лауазымдарының (дәрілік заттар өндірісіне және айналысына жататын лауазымдар бөлігінде) СЫНЫПТАУЫШЫ
1. Сыныптауыштан ізеуірттелген мәліметтер
Негізгі топтың коды | Лауазымның коды | Лауазымның атауы |
1 | Басшылар | |
1010 | комбинаттың бас директоры | |
1020 | салааралық ғылыми-техникалық кешеннің бас директоры | |
1030 | ғылыми-өндірістік бірлестіктің бас директоры | |
1040 | бірлестіктің бас директоры | |
1050 | кәсіпорынның бас директоры | |
1060 | өндірістік бірлестіктің бас директоры | |
1070 | денсаулық сақтау мекемесінің бас дәрігері (директор, меңгерушісі, бастығы) | |
1080 | мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерінің бас дәрігері (бастығы) (бас санитариялық дәрігер) | |
1090 | филиалдың (аумақтық филиалдың) директоры (меңгерушісі) | |
1100 | ұйымның (іздестіру, конструкторлық, жобалық) директоры | |
1110 | трест директоры (бастығы) | |
1120 | дирекция директоры (бастығы, уәкілі) | |
1130 | кәсіпорын директоры (бастығы, басқарушы) | |
1140 | департамент (комитет) директоры (басшысы) | |
1150 | завод директоры | |
1160 | өкілдік директоры (басшысы) | |
1170 | фабрика директоры | |
1180 | фирма директоры | |
Негізгі топтың коды | Лауазымдар коды | Лауазымдардың атауы |
1181 | кәсіпорынның бас директорының орынбасары | |
1182 | департамент (комитет) директорының орынбасары (басшысы) | |
1190 | мемлекеттік (федералдық) қызмет басқармасындағы бөлім бастығының орынбасары | |
1200 | мемлекеттік (федералдық) қызметтің бөлім бастығының орынбасары | |
1210 | аумақтық орган бөлімі бастығының орынбасары | |
1220 | мемлекеттік (федералдық) қызмет басқармасы бастығының орынбасары | |
1221 | филиал (аумақтық филиал) бастығының (директорының, басшысының) орынбасары | |
1230 | мемлекеттік (федералдық) қызмет басшысының орынбасары | |
1240 | аумақтық орган басшысының орынбасары | |
1250 | қызмет бастығы, меңгерушісі, басшысы | |
1260 | бригада бастығы | |
1270 | бюро (ғылыми-техниалық даму) бастығы | |
1280 | мемлекеттік инспекция бастығы | |
1290 | топ бастығы (меңгерушісі, жетекшісі) | |
1300 | инспекция бастығы | |
1310 | кешен бастығы | |
1320 | зертхана бастығы (меңгерушісі) | |
1330 | бірлестік бастығы | |
1340 | бөлім бастығы (меңгерушісі, басшысы) | |
1350 | мемлекеттік (федералдық) қызмет басқармасындағы бөлім бастығы | |
1360 | мемлекеттік (федералдық) қызмет бөлімінің бастығы | |
1370 | аумақтық орган бөлімінің бастығы | |
1380 | бөлімше бастығы | |
1390 | партия бастығы | |
1400 | өндіріс бастығы | |
1410 | пункт бастығы | |
1420 | сектор бастығы (меңгерушісі) | |
1440 | ауысым бастығы | |
1450 | басқарма бастығы (басшысы) | |
1460 | мемлекеттік (федералдық) қызмет басқармасының бастығы | |
1470 | учаске бастығы | |
1480 | фабрика бастығы | |
1490 | филиалдың (аумақтық филиалдың) бастығы (басшысы) | |
1500 | орталық бастығы (меңгерушісі, басшысы) | |
1510 | орталық зауыт зертханасының бастығы | |
1520 | цех бастығы | |
1530 | мемлекеттік (федералдық) қызмет басшысы (директоры) | |
1540 | аумақтық орган басшысы | |
1550 | сапа бойынша уәкіл | |
2 | Жоғары деңгейлі білікті мамандар | |
2010 | бактериолог | |
2020 | биолог | |
2030 | биофизик | |
2040 | биохимик | |
2041 | жетекші инженер | |
2050 | жетекші консультант | |
2060 | жетекші ғылыми қызметкер | |
2068 | 1 разрядты жетекші маман | |
2069 | 2 разрядты жетекші маман | |
2070 | 3 разрядты жетекші маман | |
2080 | жетекші сарапшы - маман | |
2090 | дәрігер | |
2100 | бас шығарушы | |
2110 | бас мемлекеттік инспектор | |
2120 | бас инженер | |
2130 | бас ғылыми қызметкер | |
2140 | бас маман | |
2150 | бас сарапшы-маман | |
2160 | бас технолог | |
2170 | жобаның бас технологы | |
2171 | бас сарапшы | |
2180 | дәрігерлік-еңбек сараптамасы бойынша бас сарапшы | |
2190 | мемлекеттік инспектор | |
2200 | инженер | |
2210 | сынақтар жөніндегі инженер | |
2220 | сапа жөніндегі инженер | |
2230 | стандарттау жөніндегі инженер | |
2240 | инженер-инспектор | |
2250 | инженер-бақылаушы | |
2260 | инженер-лаборант | |
2261 | инженер-метролог | |
2270 | инженер-микробиолог | |
2280 | инженер-технолог | |
2290 | инженер-химик | |
2300 | инспектор | |
2310 | санитариялық инспектор | |
2320 | инспектор-дәрігер | |
2330 | инспектор-провизор | |
2340 | инспектор-ревизор | |
2350 | консультант | |
2360 | лаборант | |
2370 | микробиолог | |
2380 | кіші ғылыми қызметкер | |
2390 | ғылыми қызметкер | |
2400 | мемлекеттік (федералдық) қызмет басшысының көмекшісі | |
2410 | аумақтық орган басшысының көмекшісі | |
2420 | провизор | |
2430 | провизор-талдаушы | |
2440 | провизор-интерн | |
2450 | кеңесші | |
2460 | мемлекеттік (федералдық) қызмет басшысының (директорының) кеңесшісі | |
2470 | маман | |
2471 | І санаттағы маман | |
2472 | ІІ санаттағы маман | |
2473 | ІІІ санаттағы маман | |
2480 | 1 разрядты маман | |
2490 | 2 разрядты маман | |
2500 | сарапшы маман | |
2510 | аға мемлекеттік инспектор | |
2520 | аға ғылыми қызметкер | |
2530 | 1 разрядты аға маман | |
2540 | 2 разрядты аға маман | |
2550 | 3 разрядты аға маман | |
2560 | кіші ғылыми қызметкердің тағылымдамадан өтушісі | |
2570 | технолог | |
2580 | технолог-тәлімгер | |
2590 | І санаттағы сарапшы | |
2600 | ІІ санаттағы сарапшы | |
2610 | ІІІ санаттағы сарапшы | |
2590 | фармаколог | |
2600 | фармацевт | |
2610 | химик | |
2620 | сарапшы | |
3 | Орта деңгейлі білікті маман | |
3010 | бақылаушы-ревизор | |
3011 | І санаттағы лаборант | |
3020 | лаборант (орта білікті), II санаттағы лаборант | |
3021 | III санаттағы лаборант | |
3030 | лаборант-зерттеуші | |
3040 | кіші фармацевт | |
3050 | провизор-интерн (орта білікті) | |
3060 | провизор- тағылымдамадан өтуші | |
3070 | провизор-технолог | |
3071 | санитар | |
3072 | IV санаттағы маман | |
3080 | фармацевт (орта білікті) |
II. Сыныптауыштың паспорты
№ р/с | Элементтің белгіленімі | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | 060 |
2 | Типі | 2 – сыныптауыш |
3 | Атауы | қызметшілер лауазымдарының сыныптауышы (дәрілік заттар өндірісіне және айналысына қатысты лауазымдар бөлігінде) |
4 | Аббревиатура | ҚЛС |
5 | Белгіленімі | ЕК 060– 2019 (ред. 1) |
6 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қабылданғаны (бекітілгені) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы № шешімі |
7 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (енгізіле бастаған) күні | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы № шешімі күшіне енген күннен бастап |
8 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысын тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
9 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуының аяқталу күні | – |
10 | Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
11 | Арналымы | Еуразиялық экономикалық одақтың фармацевтикалық инспекторлары мен дәрілік заттарды өндіруші уәкілетті тұлғаларының өздерінің қызметіндегі лауазымдары туралы мәліметтерді сыныптауға арналған |
12 | Аннотация (қолданылу саласы) | азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына ұсынатын құжаттарды, соның ішінде электрондық түрде ұсынатын құжаттарды жасау кезінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. |
13 | Түйін сөз | лауазым, дәрілік заттарды өндірушінің уәкілетті тұлғасы |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала | техникалық реттеу |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштарды пайдалану |
1 – сыныптауыш халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштармен және (немесе) ЮНЕСКО Статистика институты әзірлеген ХСҚС-2008 стандарттарымен үндестірілген. |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы |
1 – сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетттерде аналогтары бар: |
17 | Жүйелеу әдісі (сыныптау) | 2 – сатылы, сатылар (деңгейлері) саны – 2 |
18 | Жүргізу әдістемесі | 1 – жүргізудің орталықтандырылған рәсімі. Сыныптауыштың мәндерін қосуды, өзертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Мәндерін алып тастаған жағдайда сыныптауыштың жазбасы Еуразиялық экономикалық комиссия органының сыныптауыш жазбасының қолданылуының аяқталғанын реттейтін актісі туралы мәліметтерін көрсете отырып, алып тасталған күнінен бастап жарамсыз ретінде белгіленеді. Сыныптауыштың кодтары бірегей болып табылады, сыныптауыштың кодтарын, соның ішінде жарамсыз кодтарын қайта пайдалануға жол берілмейді. |
19 | Құрылымы | сыныптауыштың құрылымы (сыныптауыш алаңдарының құрамы, олардың мәндерінің салалары мен қалыптастыру ережелері) туралы ақпарат III бөлімде келтірілген. |
20 | Деректердің құпиялылық дәрежесі | сыныптауыштың мәліметтері ашық қолжетімді ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қарау кезеңділігін белгілеу | Еуразиялық экономикалық комиссия органының актілерімен белгіленетін тиісті өзгерістер енгізілуіне қарай |
22 | Өзгерту | – |
23 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) ізеуірттелген мәліметтерге сілтеме |
сыныптауыштан ізеуірттелген мәліметтер І бөлімде келтірілген |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтер беру тәсілі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау. Сыныптауыштан мәліметтер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына сұрау салу бойынша интеграциялық жүйе құралдарымен беріледі. |
III. Сыныптауыш құрылымының және деректемелік құрамының сипаттамасы
1. Осы бөлімде сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы, соның ішінде деректемелер мәндерінің салалары мен оларды қалыптастыру қағидалары айқындалады.
2. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылады:
"деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;
"көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опциялылық) және деректемелердің ықтимал қайталану саны).
3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануы тиіс;
1..* – деректеме міндетті, шексіз қайталануы мүмкін;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануы тиіс;
n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы және m реттен артық қайталанбауы (n > 1, m > n) тиіс;
0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;
0..* – деректеме опциялы, шексіз қайталануы мүмкін;
0..m – деректеме опциялы, m реттен артық (m > 1) қайталанбауы тиіс.
Кесте
Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары | Көпт. |
1. Қызметшілер лауазымдары (дәрілік заттардың өндірісіне және айналысына қатысты лауазымдар бөлігінде) туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.1. Негізгі топтың коды | қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{1} | кодтаудың реттік әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады | 1 |
1.2. Негізгі топтың атауы |
символдар жолы | орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3. Қызметші лауазымы туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.3.1. Қызметші лауазымының коды | қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{4} | Кодпен белгіленім кодтаудың реттік әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады | 1 |
1.3.2. Қызметші лауазымының атауы |
символдар жолы | орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3.3. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
1.3.3.1. Қолданыла бастайтын күні | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге сәйкес келеді | 1 |
1.3.3.2. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасының қолданыла бастауын регламенттейтін акті туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
*.1. Актінің түрі | қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{5} | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленімі | 1 |
*.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.3. Актінің күні | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді | 1 |
1.3.3.4. Қолданысының аяқталатын күні | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы аяқталатын күнге сәйкес келеді | 0..1 |
1.3.3.5. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасының аяқталуын регламенттейтін акті туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 |
*.1. Актінің түрі | қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{5} | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленімі | 1 |
*.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы | Еуразиялық экономикалық органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.3. Актінің күні | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық орган актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді | 1 |