Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы сауда саясатын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараптармен халықаралық шарттар жасасу жөніндегі жұмысының нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ақпаратын назарға ала отырып:
1. Комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп үшінші тараптармен еркін сауда және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық шарттарын жасасу, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін жаңа әріптестермен еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерделеу жөніндегі зерттеу топтарын құру мүмкіндігі бойынша ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
2. Осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген ұсыныстарды талдау қорытындылары бойынша Комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) В.О.Никишина белгіленген тәртіпте Комиссия Кеңесінің отырысында тиісті ақпарат берсін.
3. Комиссия Алқасының үшінші тараптармен халықаралық шарттар жасасу жөнінде атқарылған жұмыс және жаңа әріптестермен сауда ынтымақтастығын дамыту перспективалары туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында баяндау ұсынысы қолдау тапсын.
4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов