Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында жүргізілген, навигациялық пломбаларды пайдалана отырып кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды автомобильмен транзиттік тасымалдар мониторингі бойынша эксперименттердің нәтижелерін ескере отырып:
1. Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтерінен навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тауарлардың транзиттік тасымалдарын қадағалау жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау сұралсын.
2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) өткізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етсін.
2. Комиссия 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, Комиссия Кеңесінің қарауы үшін навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тауарлардың транзитін қадағалаудың бірыңғай жүйесі негізінде Одаққа мүше мемлекеттердің жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Одақтың кедендік аумағы арқылы тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін құру бойынша "жол картасы" іс шаралар жоспарының жобасын әзірлесін.
3. Одаққа мүше мемлекеттерден 2019 жылдың ІІІ тоқсаны ішінде Комиссияның қатысуымен тауарлардың транзиттік тасымалын қадағалаудың қолданыстағы жүйелерін пайдалануды ескере отырып, навигациялық пломбаларды қолдану арқылы тауарлардың автомобильмен транзиттік тасымалын мониторингілеу жөнінде көпжақты эксперимент жүргізу сұралсын.
4. Осы Өкімнің 1-3-тармақтарын орындаудың нәтижелері туралы мәселе 2019 жылдың IV тоқсанында Комиссия Кеңесінің отырысында қаралсын.
5. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов