1. Қоса беріліп отырған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер тізбесі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С.Саркисян Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелердің осы Өкіммен бекітілген тізбесін белгіленген тәртіпте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелеріне жіберсін.
3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2019 жылғы 08 тамыздағы №31 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер
ТІЗБЕСІ
1. Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы тұтастай қамтитын экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы.