Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы №89 шешімімен бекітілген Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібінің 3-тармағына сәйкес:
1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 2019 жылғы 9 тамызда Қырғыз Республикасы Чолпон-Ата қаласында өтеді деп айқындалсын.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |