Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 21 ұсынымына № 1 қосымша) мынадай өзгерісті ескере отырып қолдануды ұсынады:
ЕАЭО СЭҚ ТН 1207 99 960 0 кіші қосалқы позициясына түсіндірмелердің үшінші абзацының соңғы сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұндай асқабақтар негізінен май алу үшін өсіріледі және тұқымы 1209 91 800 0 кіші қосалқы позициясына енгізілетін көкөніс дақылы ретінде пайдаланылмайды.".
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |