2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 41-тармағының үшінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Ресей Федерациясының ұсынуы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1.Вероника Олеговна Никишинаны тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Ресей Федерациясынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі болып Андрей Александрович Слепнев тағайындалсын.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Андрей Александрович Слепнев енгізіліп, дербес құрамнан Вероника Олеговна Никишина шығарылсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан