Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 40-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Еуразиялық экономикалық одақ құқығында басқа мүше мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын бір мүше мемлекеттің есептілік және бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызметтер көрсетуді берушілеріне қойылатын үндестірілген талаптарды белгілеуді қамтамасыз етсін.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің | |
2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 20 шешіміне | |
ҚОСЫМША |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 110 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторлары (кіші секторлары) тізбесі:
мынадай мазмұндағы 55-тармақпен толықтырылсын:
"55. Есептілік және бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызметтер көрсету (82213, 82219 және 82220 СРС-тан)14 мына бөлікте:
1) қаржылық есептерді клиенттер ұсынатын (бұл ретте жасалатын есептердің анықтығына кепілдік берілмейді) ақпараттың, кіріс ведомостарының, баланс ведомостарының, баланс ведомостары мен шоттарды талдаудың (бұған кәсіпкерлік қызметке арналған салықтар бойынша декларация толтыру жөнінде қызметтер көрсету қосылмайды) негізінде жасау;
2) қаржылық есептерді тексеру, бағалау және дайындау15;
3) коммерциялық операцияларды сыныптау және бухгалтерлік кітаптарда ақшалай түрде немесе басқаша өлшеу бірлігінде тіркеу;
4) қаржылық есептерді дайындаумен бірге берілетін кәсіпкерлік қызметке арналған салықтар бойынша декларация жасау (толтыру) жөнінде қызметтер көрсету.);
мынадай мазмұндағы 14 және 15-сілтемелермен толықтырылсын:
"14 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ құқығында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің есептілік және бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызметтер көрсетуді берушілеріне қойылатын үндестірілген талаптарды белгілегеннен кейін қолданылады, бұған банктерге, банктік емес кредит-қаржы ұйымдарына берілетін қызметтер көрсету қосылмайды.
15 Аудит қызметтерін көрсетуге жатпайды.".
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 22 шешімімен бекітілген есептілік және бухгалтерлік есеп жасау саласында қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі ырықтандыру жоспарының 9-тармағында екінші графадағы "2021 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.