Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 222 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органының кедендік әкелу баждары сомаларын есептеу мен бөлу туралы есеп нысанына өзгеріс енгізілсін.
2. Осы Шешім 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (2) күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органының кедендік әкелу баждары сомаларын есептеу мен бөлу туралы есеп нысанына енгізілетін ӨЗГЕРІС
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органының кедендік әкелу баждары сомаларын есептеу мен бөлу туралы есеп нысаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 222 шешімімен БЕКІТІЛГЕН (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешімінің редакциясында) |
(нысан)
ЕСЕП _____________________________________________________________________________ (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органының атауы)
кедендік әкелу баждары сомаларын есептеу мен бөлу туралы
20___ ж. " " ___________ үшін
Көрсеткіштің атауы | Сомасы | |
бір күнгі | жыл басынан бері | |
1 | 2 | 3 |
1-бөлім. Мүше мемлекеттің ұлттық валютасында |
Алдыңғы есептің күні "___"_______________20__ ж.
Мүше мемлекет уәкілетті
органының басшысы _____________________ ____________
(уәкілетті тұлға) (қолы) (Т.А.Ә.)
Жауапты орындаушы ________________ ________________
(Т.А.Ә.) (телефон нөмірі)
________________
* уәкілетті органы есепті әзірлеген мүше мемлекетке қатысты толтырылмайды
** Кедендік әкелу баждарын (қолданысы баламалы өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есесптеу мен бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджетінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттама (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша).".