2019 жылғы 1 қарашадан бастап Беларусь Республикасының аумағында енгізілген қарақұмық жармасы бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы Беларусь Республикасының 2020 жылғы 9 қаңтарда түскен өтінісіне байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Беларусь Республикасында қарақұмық жармасы бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 2020 жылғы 30 қаңтардан бастап қоса алғанда 2020 жылғы 28 сәуірге дейінгі аралыққа – 90 күнге ұзартумен келісілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 30 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |