Беларусь Республикасының аумағында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген кристал ақ қант бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы Беларусь Республикасының 2020 жылғы 27 ақпанда түскен өтінісіне байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Беларусь Республикасында кристал ақ қант бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 2020 жылғы 31 наурыздан бастап қоса алғанда 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта – 276 күнге ұзартумен келісілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 31 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |