2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №7 қосымша) 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімі 6-тармағының негізінде, азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі тәуекелін болдырмау мақсатында жедел ден қоюды талап ететін айрықша жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша) 1.10-бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) "Дезинфекциялайтын құралдар" деген атаумен берілген позицияның бірінші графасы "****" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын;
б) "****" белгісімен мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"****Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет уәкілетті органының растауы болған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды қоспағанда.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |