2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №7 қосымша) 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімінің 6-тармағының негізінде, азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі тәуекелін болдырмау мақсатында жедел ден қоюды талап ететін айрықша жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша) 1.10-бөлімінің "5902 тауар позициясының материалдарынан басқа, "пластмасса сіңірілген, пластмассамен жабылған немесе қатырмаланған тоқыма материалдар" деген атауы бар позицияның екінші графасында "басқа" деген сөз "5903 10-нан басқа," деген сөздермен ауыстырылсын.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |