2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімінің 6-тармағы негізінде, шұғыл әрекет етуді талап ететін айрықша жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесінің 1.11-бөліміне (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) "**" белгісі бар сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:
"**Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) тиісті уәкілетті органдарының растауы болған кезде Евразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтарын қоспағанда.";
б) бөлімге ескертпенің 2-тармағында:
екінші абзацтағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)" деген сөздер "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер" деген сөздер "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2010 жылғы 1 маусымнан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |