2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 50-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 шілдедегі "Еуразиялық экономикалық одақтың "Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 042/2017) өтпелі ережелері туралы" № 83 шешімінің 1-тармағының "а" - "в" тармақшаларындағы "2020 жылғы 1 маусымнан", "2020 жылғы 1 маусымға" деген сөздер "2021 жылғы 1 желтоқсаннан", "2021 жылғы 1 желтоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкіметтерінен балалардың ойын алаңдары үшін пайдаланылатын, мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжатсыз айналысқа шығарылған жабдықтың қауіпсіздігін өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 маусымнан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |