Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және пайдалану үшін қолданылатын жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шараны қолдану туралы" № 101 шешімімен (бұдан әрі – № 101 шешім) белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы қоса алғанда 2021 жылғы 12 мамырға дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 12 мамырға дейін:
алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен № 101 шешіммен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін;
№ 101 шешімнің 4-тармағының үшінші абзацына сәйкес өндірушінің сертификаты ұсынылған жағдайда демпингке қарсы баж алмасын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 23 қыркүйектен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |