Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 219 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінің 38-тармағының 3-графасында "ҚР СТ 1863-2008" деген сөздер "ҚР СТ 1863-2018" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |