Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының Қазақстан Республикасы аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына еркін өткізілуін қамтамасыз ету бөлігіндегі міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауы мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қазақстан Республикасына қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді реттеу кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабын және Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібінің (көрсетілген шартқа № 24 қосымшаға № 2 қосымша) 3-тармағын орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында кедергілерді жоюды қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |