2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын іске асыру мақсатында және 2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 5-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында алмасуға жататын асыл тұқымды жануарлар мен селекциялық жетістіктер туралы мәліметтердің құрамы бекітілсін.
2. Мынадай:
а) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) арасында асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтермен алмасу "Асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесі шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген жалпы процесс қолданысқа енгізілгенге дейін, құзыретіне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері жататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары:
мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын асыл тұқымды өнім туралы мәліметтермен - асыл тұқымды өнімге асыл тұқымдық куәліктер (сертификаттар, паспорттар) берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
селекциялық жетістіктер туралы мәліметтермен – олар тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде) алмасады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 132 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында алмасуға жататын асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтердің құрамы
I. Асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтер
1. Сүт өндіру бағытындағы ірі қара мал:
а) толық аты (тұқымдық бұқалар үшін);
б) тұқымы, тұқымдылығы (әрбір тұқым бойынша пайызбен);
в) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
г) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М – еркек мал, F – ұрғашы мал);
д) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
е) түсі (әріптік кодпен белгіленеді):
B&W – қара-шұбар;
R&W – қызыл-шұбар;
B/R –қара-шұбар түс басымырақ, бірақ денесінің кейбір бөліктері (құлақтары, тұмсығы, арқасы) ерекше қызғылтым реңкті;
W/B – ақ түс басымырақ, бірақ денесінің кейбір бөліктерінде қара дақтар бар;
G – сұр;
RN – ақ талшықты;
BC – қоңыр;
АВ – толығымен қара;
AR – толығымен қызыл;
AW – толығымен ақ.
Дәл келетін белгіленімі болмаған кезде тұқымының атауы толық жазылады;
ж) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
з) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы);
и) рецессивті гендері (генетикалық тұрғыдан детерминацияланған ауруларды білдіретін аббревиатуралар, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 74 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымды өнімге молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу туралы ережеге сәйкес жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде анықталған генетикалық аномалиялар мен сүт ақуызы гендерінің полиморфизмалары көрсетіледі);
к) алу тәсілі (әріптік кодпен белгіленеді):
ЕТ – эмбриотрансплантат (кәдімгі);
ЕТМ – әртүрлі манипуляциялар арқылы алынған эмбриотрансплантат (эмбрионды бөлу, клондау);
ЕТА – ересек малды клондау арқылы алынған эмбриотрансплантат;
AI – жасанды жолмен ұрықтандыру;
NI – қолдан ұрықтандыру;
МВ – көп рет төлдеуі;
МВМ – аралас типті көп рет төлдеуі;
ТW – егіз;
ТRI – үшем.
Басқа жағдайларда алу тәсілі көрсетілмейді;
л) мыналарға:
осы тұқымдық бұқаның шәуетімен ұрықтандырылған сиырлар мен қысыр сиырларға;
оның ұрғашы бұзауларына қатысты тұқымдық бұқа үшін бұзаулау жеңілдігінің индекстері.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекітетін Сүт өндіру бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес есептеледі;
м) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші ұрпағы үшін (ата-енелері) осы тармақтың "б", "в", "д", "е", "и" – "л", "н", "о" және "п" тармақшаларында көзделген ақпарат көрсетіледі (болған кезде, пробанд эмбрионды трансплантаттау әдісімен алынған жағдайда);
пробанд тегінің 2-ші ұрпағы үшін (үлкен ата-енелері) осы тармақтың "б", "в", "д", "е", "и" – "л" и "н" – "п" тармақшаларында көзделген ақпарат көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ тұқымы, тұқымдылығы (әрбір тұқым бойынша пайызбен) көрсетіледі;
н) экстерьерді бағалау (әріптік кодпен белгіленеді):
ЕХ – үздік (90 – 100 балл);
VG – өте жақсы (85 – 89 балл);
GP – плюс жақсы (80 – 84 балл);
G – жақсы (75 – 79 балл);
F – қанағаттанарлық (65 – 74 балл);
Р – нашар (50 – 64 балл);
о) өзіндік өнімділіктің абсолютті көрсеткіштері:
төл мен тұқымдық бұқа үшін – жасын көрсете отырып (жыл, ай, күн) тірі салмағы (килограммен);
сиырлар үшін – сауын маусымы ең көп болған 305 күндегі не аяқталмаған сауын маусымы кезеңіндегі (күнмен) сауым сүт (килограммен), сүттің майы мен ақуызының құрамы (пайызбен) және алу мөлшері (килограммен);
п) асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері (асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштері) (сүт өндіру бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес есептеледі);
р) өсім туралы ақпарат. Тұқымдық бұқаның аты, сәйкестендіру нөмірі, ұрықтандыру күні, осы тармақтың "и" тармақшасына сәйкес тұқымдық бұқаның рецессивті гендері, тұқымдық бұқаның ата-енесінің сәйкестендіру нөмірлері, тұқымдық бұқа енесінің өнімділігінің абсолютті көрсеткіштері, тұқымдық бұқаның асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштері көрсетіледі.
Тұқымдық бұқаның асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштері сүт өндіру бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
Эмбриондарды трансплантаттау кезінде эмбрионды көшіріп қондыру күні, айы, күнтізбелік жылы, осы тармақтың "м" тармақшасының екінші абзацына сәйкес эмбрионның ата-тегі туралы ақпарат көрсетіледі.
Ұрықтандыру үшін жынысы бойынша бөлінген шәует пайдаланылған кезде, "Sexed Semen, F (M)" деген жазба көрсетіледі.
2. Ет өндіру бағытындағы ірі қара мал:
а) толық лақап аты (тұқымдық бұқалар үшін);
б) тұқымы, тұқымдылығы (әрбір тұқым бойынша пайызбен);
в) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
г) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М – еркек мал, F – ұрғашы мал);
д) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
е) түсі (әріптік кодпен белгіленеді):
B&W – қара-шұбар;
R&W – қызыл-шұбар;
B/R – қара-шұбар түс басымырақ, бірақ денесінің кейбір бөліктері (құлақтары, тұмсығы, арқасы) ерекше қызылқай түсті;
W/B – ақ түс басымырақ, бірақ денесінің кейбір бөліктерінде қара дақтар бар;
G – сұр;
RN – ақ талшықты;
BC – қоңыр;
АВ – толығымен қара;
AR – толығымен қызыл;
AW – толығымен ақ.
Дәл келетін белгіленімі болмаған кезде тұқымының атауы толық жазылады;
ж) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
з) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы);
и) рецессивті гендері (генетикалық тұрғыдан детерминацияланған ауруларды білдіретін аббревиатуралар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымды өнімге молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу туралы ережеге сәйкес жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде анықталған генетикалық аномалиялар мен сүт ақуызы гендерінің полиморфизмалары көрсетіледі);
к) алу тәсілі (әріптік кодпен белгіленеді):
ЕТ – эмбриотрансплантат (кәдімгі);
ЕТМ – әртүрлі манипуляциялар арқылы алынған эмбриотрансплантат (эмбрионды бөлу, клондау);
ЕТА – ересек малды клондау арқылы алынған эмбриотрансплантат;
AI – жасанды жолмен ұрықтандыру;
NI – қолдан ұрықтандыру;
MB – көп рет төлдеуі;
МВМ – аралас типті көп рет төлдеуі;
TW – егіз;
TRI – үшем.
Басқа жағдайларда алу тәсілі көрсетілмейді;
л) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші ұрпағы үшін (ата-енелері) осы тармақтың "б", "д", "е", "и" және "м" тармақшаларында көзделген ақпарат көрсетіледі;
пробанд тегінің 2-ші ұрпағы үшін (үлкен ата-енелері) осы тармақтың "б" және "д" тармақшаларында көзделген ақпарат көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ тұқымы, тұқымдылығы (әрбір тұқым бойынша пайызбен) көрсетіледі;
м) өнімділік сапасы (асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері көрсетіледі).
Өзіндік өнімділіктің абсолютті көрсеткіштері Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекітетін Ет өндіру бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес есептеледі;
н) өсім туралы ақпарат. Қысыр малды немесе сиырды өсіру әдісі туралы мәліметтер (қолдан ұрықтандыру (NI), жасанды жолмен ұрықтандыру (AI), эмбрионды трансплантаттау (EТ)), аты, тұқымдық бұқаның сәйкестендіру нөмірі, ұрықтандыру күні, осы тармақтың "и" тармақшасына сәйкес тұқымдық бұқаның рецессивті гендері, тұқымдық бұқаның ата-енесінің сәйкестендіру нөмірлері, тұқымдық бұқа енесінің өнімділігінің абсолютті көрсеткіштері, тұқымдық бұқаның асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштері көрсетіледі.
Тұқымдық бұқаның асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштері Ет өндіру бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
Эмбриондарды трансплантаттау кезінде эмбрионды көшіріп қондыру күні, айы, күнтізбелік жылы, осы тармақтың "л" тармақшасының екінші абзацына сәйкес эмбрионның ата-тегі туралы ақпарат көрсетіледі.
Ұрықтандыру үшін жынысы бойынша бөлінген шәует пайдаланылған кезде, "Sexed Semen, F (M)" деген жазба көрсетіледі.
3. Шошқалар:
а) жеке нөмірі (тату-таңба салу);
б) № 1 қосымшаға сай кодификаторға сәйкес тегі, тектік қосылуы;
в) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
г) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: M – қабанша, қабан, F − шошқа, ұрғашы шошқа);
д) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
е) сату кезіндегі тірі салмағы (килограммен);
ж) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
з) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы);
и) тұқым-тегі:
кемінде 3 тұқым-тегі, олардың тектер, асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтер;
ата-енесінің (ата-енесі) асыл тұқымдық құндылық индекстері (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекітетін шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес есептеледі);
ата-енесінің өнімділігі (ата-енесі):
туғаннан бастап тірі салмаққа дейін тәуліктік орташа өсім 100 килограмға дейін (граммен);
мегежіннің репродукциялық сапасы (торайлау нөмірін көрсете отырып, жануар өсіп шығатын, ұядағы тірі торайлардың саны, енесінің барлық торайлауы бойынша тірі торайларының орташа саны);
к) тірі салмағы 90 - 110 килограмға жеткен кезде өзіндік өнімділігі:
асыл тұқымдық құндылық индекстері (шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес есептеледі);
өзіндік өнімділіктің абсолютті көрсеткіштері:
асыл тұқымдық құндылықты бағалау күнгі тірі салмағы (килограммен);
емшектерінің саны (желінінің сол жақ және оң жақ бөлігіндегі функционалдық емшектерінің саны көрсетіледі);
туғаннан бастап тірі салмағы 100 килограмға дейінгі тәуліктік орташа өсімі (граммен);
тірі салмағы 100 килограмға жеткендегі жасы (күнмен);
майсыз еттің құрамы (пайызбен) (шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес есептеледі);
шпиктің қалыңдығы 10 − 11 қабырға деңгейінде (миллиметрмен);
өзіндік өнімділікті бағалау күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
рецессивтік генетикалық кемшіліктер (RYR – тұқымдық хряктар және хрячоктар үшін).
4. Жылқылар:
а) лақап аты (болған кезде);
б) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
в) жеке нөмірі (тавр нөмірі немесе микрочип коды);
г) мемлекеттік (ұлттық) асыл тұқымды мал кітабындағы малдың нөмірі (болған кезде);
д) малдық денесіндегі белгілердің, ерекшеліктердің графикалық сипаттамасы (блокперфектілі сурет);
е) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: M – айғыр, F – бие);
ж) түсі (торы – то., жирен – жир., қоңыр – қоң., сұр – сұр, құла – құл., қара – қар., қарагер – қараг., шабдар – шаб., қоңыр-сұр – қ-с., ақ талшықты – ақт., сұрғылт – сұрғ., құласұр – құл., шұбар – шұб., торы-ала – тор. -ала., қара-ала – қар. -ал.);
з) тұқымы, тұқымдылығы (әрбір тұқым бойынша пайызбен);
и) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
к) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
л) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы);
м) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып). малдық барлық ата-тегі буыны үшін мемлекеттік (ұлттық) асыл тұқымды мал кітабындағы нөмірі (болған кезде), аты (болған кезде), сәйкестендіру нөмірі, түсі, туған жылы, тұқымы, бонитировка бойынша класы көрсетіледі;
н) бонитировка туралы мәліметтер:
өткізілген күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
өлшемдері: шоқтығындағы биіктігі, кеудесінің айнала өлшемі, тұяқ сүйегінің айнала өлшемі, денесінің қиғашынан ұзындығы (сантиметрмен), тірі салмағы (килограммен);
10 балдық шкала бойынша бағалау: шығу тегі, типтілігі, өлшемдері, экстерьер, өнімділігі (жұмысқа қабілеті), ұрпағының сапасы (болған кезде), сүттілігі (сүт өндіру бағытындағы биелер үшін), кешенді класы үшін;
о) көрмелерге, конкурстарға, жарыстарға қатысуы (іс-шараның атауын, өткізілген күнін, орнын және алған наградаларды көрсете отырып (болған кезде).
5. Қылшық жүнді және жартылай қылшық жүнді бағытта өнім беретін қойлар:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) жеке нөмірі;
в) тұқымы;
г) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
д) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М – қошқар, F – саулық);
е) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы);
з) негізгі селекциялық белгілері ( № 2 қосымшаға сәйкес шартты белгілер мен өлшем бірліктерінде көрсетіледі):
12 айға дейінгі жастағы малдар үшін (18 ай) – сол жастағы (айлар) тірі салмағы, құйрық майының (майлы құйрығының) көлемі мен формасы, жүн өнімділігі көрсеткіштері (қырқылған жуылған жүн (болған кезде) және оригиналы), 5 балдық жүйе бойынша жалпы бағалау;
12 ай (18 ай) және одан үлкен жастағы малдар үшін – малдың типі, конституциясы, экстерьері, сол жастағы (айлар) тірі салмағы, құйрық майының (майлы құйрығының) көлемі мен формасы, жүн өнімділігі көрсеткіштері (қырқылған жуылған жүн (болған кезде) және оригиналы, жүннің қылтық және жамылғы талшықтарының ұзындығы, жүннің түр-түсі мен класы), кешенді класы;
и) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші ұрпағы үшін (ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы, сол жастағы (жыл) ең үлкен қырқылған жүні, жүннің қылтық және жамылғы талшықтарының ұзындығы, жүннің түр-түсі мен класы, құйрық майының (майлы құйрығының) көлемі мен формасы, кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 2-ші ұрпағы үшін (үлкен ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, сол жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы, жүннің класы, кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, кешенді класы көрсетіледі.
6. Романов тұқымды қойлар:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) жеке нөмірі;
в) тұқымы;
г) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
д) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М – қошқар, F – саулық);
е) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы);
з) негізгі селекциялық белгілері ( № 3 қосымшаға сәйкес шартты белгілер мен өлшем бірліктерінде көрсетіледі):
9 айға дейінгі жастағы малдар үшін – туу типі, тірі салмағы, қылтығы мен түбітінің ұзындығы, 5 балдық жүйе бойынша жалпы бағалау;
9 ай және одан үлкен жастағы малдар үшін – конституциясының типі, туу типі, тірі салмағы, қылтығы мен түбітінің арақатынасы, қылтығы мен түбітінің ұзындығы, қалыңдығы, жабағы жүнінің түзулігі, бұйралығының мөлшері, қой терісі тобы, құрсағының жүнмен жабылуы, кешенді класы;
и) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші ұрпағы үшін (ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, конституция типі, туу типі, жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы, қылтығы мен түбітінің арақатынасы, қылтық және жамылғы талшықтарының ұзындығы, жабағы жүнінің түзулігі, қой терісі тобы, кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 2-ші ұрпағы үшін (үлкен ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, конституция типі, туу типі, сол жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы, кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, кешенді класы көрсетіледі.
7. Елтірі өндіру бағытындағы қойлар:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) жеке нөмірі;
в) тұқымы;
г) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
д) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М – қошқар, F – саулық);
е) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы);
з) негізгі селекциялық белгілері ( № 4 қосымшаға сәйкес шартты белгілер мен өлшем бірліктерінде көрсетіледі);
и) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші және 2-ші ұрпағы үшін (ата-енелері, үлкен ата-енелері) осы тармақтың "а", "в", "г", "е" және "з" тармақшаларында көзделген ақпарат көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, кешенді класы көрсетіледі.
8. Биязы жүнді және жартылай биязы жүнді өнім беру бағытындағы қойлар:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) жеке нөмірі;
в) тұқымы;
г) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
д) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М – қошқар, F – саулық);
е) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы);
з) негізгі селекциялық белгілері (№ 5 қосымшаға сәйкес шартты белгілер мен өлшем бірліктерінде көрсетіледі):
12 жасқа дейінгі жастағы малдар үшін – малдың типі (баллмен), туу типі (баллмен), етті формалардың айқындылығы (жартылай биязы жүнді жүнді өнім беру бағытындағы қойлар үшін), сол жастағы (ай) тірі салмағы, жүнінің ұзындығы мен жуандығы (қалыңдығы), 5-баллдық жүйе бойынша жалпы бағалау;
12 ай және одан үлкен жастағы малдар үшін – малдың типі(баллмен), етті формалардың айқындылығы (жартылай биязы жүнді өнім беру бағытындағы қойлар үшін), конституциясы (баллмен), экстерьері, тірі салмағы, туу типі (баллмен), қалыңдығы, бұйралығы, ұзындығы мен жуандығы (қалыңдығы), жүнінің түзулігі, шуашының мөлшері мен түсі, арқасы мен құрсағының жүнмен жабылуы, жуылмаған және жуылған қырқылған жүн, кешенді класы;
и) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші ұрпағы үшін (ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы, тұқымы, жастағы (жыл) жуылған ең үлкен қырқылған жүн, жүнінің ұзындығы мен жуандығы (қалыңдығы), жүнінің түзулігі, кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 2-ші ұрпағы үшін (үлкен ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, тірі салмағы ең үлкен жастағы (жыл), жастағы (жыл) ең үлкен жуылған қырқылған жүн, кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, кешенді класы көрсетіледі.
9. Ет өндіру бағытындағы қысқа жүнді (тықыр) қойлар:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) жеке нөмірі;
в) тұқымы;
г) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
д) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М – қошқар, F – саулық);
е) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
з) бонитировка және жеке өнімділігі туралы мәліметтер:
10 айға дейінгі жастағы малдар үшін – малдың типі (баллмен), туу типі (баллмен), тез жетілуі, сол жастағы (ай) тірі салмағы (килограммен) (айыру және өткізу кезінде), 5-баллдық жүйе бойынша жалпы бағалау;
10 айдағы және одан үлкен жастағы малдар үшін – малдың типі (баллмен), туу типі (баллмен), етті формалардың айқындылығы, конституциясы (баллмен), экстерьері, сол жастағы (ай) тірі салмағы (килограммен) (бонитировка және өткізу кезінде), тез жетілуі, кешенді класы;
и) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші ұрпағы үшін (ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, сол жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы (килограммен), кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 2-ші ұрпағы үшін (үлкен ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы (килограммен), кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, кешенді класы көрсетіледі.
10. Сүт өндіру бағытындағы ешкілер:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) тұқымы;
в) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
г) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М − теке, F – ұрғашы ешкі);
д) түсі;
е) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
з) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші және 2-ші ұрпағы үшін (ата-енелері, үлкен ата-енелері) осы тармақтың "а" – "в" және "д" тармақшаларында көзделген ақпарат, енесінің 305 күндегі ең жоғары сауын маусымы өнімділігінің абсолютті көрсеткіштері (сауыны (килограммен), сүт майы мен ақуызының құрамы (пайызбен) және түсімі (килограммен)), асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы көрсетіледі;
и) өзіндік өнімділіктің абсолютті көрсеткіштері (туу типі (бір енеден туғандар саны), асыл тұқымдық құндылықты бағалау күнгі жасын көрсете отырып тірі салмағы (килограммен), ұрғашы ешкілер үшін: ең жоғары аяқталмаған сауын маусымы кезеңіндегі (күнмен) 305 күндік сауын (килограммен), сүт майы мен ақуызының құрамы (пайызбен) және түсімі (килограммен);
к) асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері.
11. Ет өндіру бағытындағы ешкілер:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) тұқымы;
в) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
г) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М − теке, F – ұрғашы ешкі);
д) түсі;
е) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
з) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші және 2-ші ұрпағы үшін (ата-енелері, үлкен ата-енелері) осы тармақтың "а" – "в" және "д" тармақшаларында көзделген ақпарат, өнімділігінің абсолютті көрсеткіштері (тірі салмағы (килограммен) жасын көрсете отырып (жыл), асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы көрсетіледі;
и) өзіндік өнімділіктің абсолютті көрсеткіштері (туу типі (бір енеден туғандар саны), тірі салмағы (килограммен) жасын көрсете отырып (жыл);
к) асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері.
12. Жүн өндіру бағытындағы ешкілер:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) тұқымы;
в) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
г) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М – теке, F – ұрғашы ешкі);
д) түсі;
е) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
з) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші ұрпағы үшін (ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы (килограммен), жастағы (жыл) жуылған жүннің ең үлкен қырқымы (килограммен), жүнінің ұзындығы (сантиметрмен) және жуандығы (қалыңдығы) (микрометрмен), кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 2-ші ұрпағы үшін (үлкен ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, сол жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы (килограммен), сол жастағы (жыл) жуылған жүннің ең үлкен қырқымы (килограммен), кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, кешенді класы көрсетіледі;
и) бонитировка және жеке өнімділігі туралы мәліметтер:
12 айға дейінгі жастағы малдар үшін – малдың типі (баллмен), сол жастағы (ай) тірі салмағы (килограммен) (айыру және өткізу кезінде), жалпы бағалауы (баллмен);
12 ай және одан үлкен жастағы малдар үшін – малдың типі (баллмен), жуылмаған және жуылған жүннің қырқымы (килограммен), ұзындығы (сантиметрмен) және жүнінің жуандығы (қалыңдығы) (микрометрмен), жүнінің қалыңдығы (баллмен), конституциясы (баллмен), жасын көрсете отырып (ай) тірі салмағы (килограммен) (бонитировка және өткізу кезінде), кешенді класы.
13. Түбіт өндіру бағытындағы ешкілер:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) тұқымы;
в) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
г) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М – теке, F – ұрғашы ешкі);
д) түсі;
е) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
з) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып):
пробанд тегінің 1-ші ұрпағы үшін (ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, сол жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы (килограммен), сол жастағы (жыл) түбітінің ең үлкен түсімі (граммен), ұзындығы (сантиметрмен) және жүнінің жуандығы (қалыңдығы) (микрометрмен), кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 2-ші ұрпағы үшін (үлкен ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, сол жастағы (жыл) ең үлкен тірі салмағы (килограммен), сол жастағы (жыл) түбітінің ең үлкен түсімі (граммен), кешенді класы көрсетіледі;
пробанд тегінің 3-ші ұрпағы үшін (арғы ата-енелері) асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, тұқымы, кешенді класы көрсетіледі;
и) бонитировка және жеке өнімділігі туралы мәліметтер:
12 айға дейінгі жастағы малдар үшін – малдың типі (баллмен), сол жастағы (ай) тірі салмағы (килограммен) (айыру және өткізу кезінде), жалпы бағалауы (баллмен);
12 ай және одан үлкен жастағы малдар үшін – малдың типі (баллмен), түбітінің түсімі (граммен), түбітінің ұзындығы (сантиметрмен), жүнінің жуандығы (қалыңдығы) (микрометрмен), түбітінің құрамы (пайызбен), жүнінің қалыңдығы (баллмен), түбітінің түсі (баллмен), конституциясы (баллмен), жасын (ай) көрсете отырып тірі салмағы (килограммен) (бонитировка және өткізу кезінде), кешенді класы.
14. Бұғылар:
а) асыл тұқымды жануарлар тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) жеке нөмірі;
в) тұқымы;
г) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
д) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М - еркегі, F - ұрғашысы);
е) туған жері (туған кезде осы жануарға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
ж) меншік иесі (сатқан кезде осы жануарға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы);
з) негізгі селекциялық белгілері (12 ай және одан үлкен жастағы жануар үшін тірі салмағы және тез жетілуі көрсетіледі);
и) бонитировка туралы мәліметтер:
өткізілген күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
өлшемдері (сантиметрмен): шоқтығының биіктігі, кеудесінің айнала өлшемі, тұяқ сүйегінің айнала өлшемі, денесінің қиғаш ұзындығы;
тірі салмағы (килограммен);
10 балдық шкала бойынша бағалау: шығу тегі, типтілігі, өлшемдері, өнімділігі (жұмысқа қабілеті), ұрпағының сапасы, кешенді класы;
к) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып). Барлық ата-тегі буыны үшін асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері көрсетіледі.
15. Түйелер:
а) асыл тұқымды мал тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірі;
б) аты (болған кезде);
в) жеке нөмірі (тавр нөмірі немесе микрочип коды);
г) мемлекеттік (ұлттық) асыл тұқымды мал кітабындағы нөмірі немесе мал тіркелген мемлекеттік (ұлттық) асыл тұқымды мал кітабындағы томға сілтеме және бетінің нөмірі (болған кезде);
д) жынысы (латын әліпбиінің әрпімен көрсетіледі: М - еркегі, F - ұрғашысы);
е) түсі;
ж) тұқымы, тұқымдылығы (әрбір тұқым бойынша пайызбен);
з) туған күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
и) туған жері (туған кезде осы малға иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
к) меншік иесі (сатқан кезде осы малға меншік құқығы бар ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), меншік иесінің елі, пошталық мекенжайы көрсетіледі);
л) рецессивті гендері (генетикалық тұрғыдан детерминацияланған ауруларды білдіретін аббревиатуралар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымды өнімге молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу туралы ережеге сәйкес жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде анықталған генетикалық аномалиялар мен сүт ақуызы гендерінің полиморфизмалары көрсетіледі);
м) тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін көрсете отырып). Барлық ата-тегі буыны үшін асыл тұқымды малды есепке алу тізіліміндегі сәйкестендіру нөмірлері, мемлекеттік (ұлттық) асыл тұқымды мал кітабындағы нөмірлері (болған кезде), лақап аттары (болған кезде), түсі, туған жылы, тұқымы, бонитировка бойынша класы;
н) бонитировка туралы мәліметтер:
өткізілген күні (күні, айы, күнтізбелік жылы);
өлшемдері (сантиметрмен): өркештерінің арасындағы биіктік, кеудесінің айнала өлшемі, табан сүйегінің айнала өлшемі, денесінің қиғашынан ұзындығы;
тірі салмағы (килограммен);
жүн беру өнімділігі (килограммен);
сүт беру өнімділігі (болған кезде);
10 баллдық шкала бойынша бағалау: шығу тегі, типтілігі, өлшемдері, экстерьер, өнімділігі (сүттілігі (болған кезде), тірі салмағы, жүн беру өнімділігі), ұрпағының сапасы (болған кезде), кешенді класы;
о) көрмелерге, мал көрмелеріне қатысу туралы мәліметтер (іс-шараның атауын, өткізілген күнін, орнын және алған наградаларды көрсете отырып (болған кезде).
II. Асыл тұқымды өнім (материал) партиясы туралы мәліметтер
1. Терісі қымбат аңдар:
а) тұқымы;
б) реңкі;
в) туған жері (туған кезде осы жануарларға иелік еткен ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
г) жануарлардың партияда туу кезеңі;
д) ата-тегі жағынан төлдегіштігі;
е) енесі жағынан көп ұрықтылығы;
ж) партияға асыл тұқымдық куәлігін берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы туралы мәліметтер;
з) партияға асыл тұқымдық куәлігінің берілген күні.
2. Үй құстары:
а) кросс;
б) желі;
в) популяция;
г) ата-енелік формасы;
д) балапан алынған құстың асыл тұқымдық тобы (селекциялық, бақылау, көбейтуші);
е) туған жері (туған кезде осы құсқа иелік еткен ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
ж) балапанның шыққан күні;
з) балапанның сипаттамасы (жасы (күн саны), саны (барлығы, соның ішінде еркектері мен ұрғашыларын қоса), класс, таңбалау, салынған жұмыртқалардан балапанның шығуы (пайызбен);
и) балапан алынған бір топ құс өнімділігінің сипаттамасы (бонитировка деректері бойынша):
құстың класы, кезең ішіндегі орташа жұмыртқа беруі (дана), сол жастағы (ай) құс жұмыртқаларының орташа салмағы (граммен);
етті құстың орташа тірі салмағы (ұрғашы құстың: жасы (күн), тірі салмағы (килограммен); еркек құстар: жасы (күн), тірі салмағы (килограммен);
к) партияға асыл тұқымдық куәлігін берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы туралы мәліметтер;
л) партияға асыл тұқымдық куәлігінің берілген күні.
3. Инкубациялық жұмыртқалар:
а) кросс;
б) желі;
в) популяция;
г) ата-енелік формасы;
д) жұмыртқа алынған құстың асыл тұқымдық тобы (селекциялық, бақылау, көбейтуші);
е) алған кезде осы асыл тұқымдық өнімге иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы;
ж) инкубациялық жұмыртқалардың (эмбриондар) сипаттамасы:
саны (дана);
класы;
таңбалануы;
орташа салмағы (граммен);
з) инкубациялық жұмыртқа (эмбриондар) алынған құс тобы өнімділігінің сипаттамасы (бонитировка деректері бойынша):
жұмыртқаларды сатқан күнгі құстың жасы (ай);
кезең ішіндегі орташа жұмыртқа бергіштігі (дана);
10 айлық жастағы тауықтың жұмыртқасының орташа салмағы (граммен);
етті құстың орташа тірі салмағы (ұрғашы құс (жасы (күн), тірі салмағы (килограммен); еркек құстар (жасы (күн), тірі салмағы (килограммен);
и) партияға асыл тұқымдық куәлігін берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы туралы мәліметтер;
к) партияға асыл тұқымдық куәлігінің берілген күні.
4. Балық:
а) тұқымы (тұқымдық тобы);
б) осы асыл тұқымды өнімді алған кезде оған иелік ететін ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы;
в) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) атауы;
г) партияға асыл тұқымдық куәлігін берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы туралы мәліметтер;
д) партияға асыл тұқымдық куәлігінің берілген күні.
5. Аралар:
а) тұқымы;
б) желі;
в) аналық ара туралы ақпарат:
туған жылы, сәйкестендіру нөмірі, белгісінің сипаттамасы, туған жері (шығарылған кезде осы аналық араға иелік еткен ұйымның толық атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), иесінің елі, пошталық мекенжайы);
тұқым-тегі (кемінде 3 тұқым-тегін, олардың сәйкестендіру нөмірлерін, туған жылы мен орнын көрсете отырып). Аналық араның арғы тегі үшін олардың жанұяларының сипаттамасы туралы ақпарат көрсетіледі (бір мезгілде бал беруі (килограммен), ұяшықтардағы мінез-құлқы, үйірілуге бейімділігі, жайлылығы, асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері);
г) өсім туралы ақпарат (тұқымы, желі, сәйкестендіру нөмірі, аталық араның туған жылы мен жері);
д) партияға асыл тұқымдық куәлігін берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы туралы мәліметтер;
е) партияға асыл тұқымдық куәлігінің берілген күні.
6. Шәуеттік өнім және эмбриондар:
а) саны (дозалар, дана);
б) шәуеттік өнімнің (эмбриондардың) алынған күні;
в) осы құрамның І бөліміне сәйкес шәуеттік өнім алынған асыл тұқымды тұқымдық ара туралы мәліметтер (эмбрион алынған ата-енелері туралы);
г) шәуеттік өнім алынған асыл тұқымды тұқымдық араның шығу тегінің дұрыстығына және генетикалық тұрғыдан детерминацияланған аурулардың, генетикалық аномалиялардың жоқтығына генетикалық сараптаманың нәтижелері туралы мәліметтер (эмбрион алынған ата-енелері туралы);
д) болашақ жануардың болжалды жынысы (жынысы бойынша бөлінген шәуеттік өнім үшін, не жынысы бойынша бөлінген шәуеттік өнімді пайдаланып алынған эмбриондар үшін);
е) партияға асыл тұқымдық куәлігін берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы туралы мәліметтер;
ж) партияға асыл тұқымдық куәлігінің берілген күні.
III. Селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер
1. Селекциялық жетістіктің атауы.
2. Жануардың түрі, өнім беру бағыты.
3. Жануардың өнімділігі туралы деректер.
4. Селекциялық жетістік атауының қысқаша сипаттамасы.
5. Асыл тұқымды шаруашылықтар – оригинаторлар (зауыттар) тізбесі.
6. Селекциялық жетістіктің атауын әзірлеуші.
7. Сынақтан өткізілген күні.
8. Сынақтан өткізу актісінің (сертификаттың, куәліктің, патенттің) нөмірі.
9. Сынақтан өткізу актісін (сертификатты, куәлікті, патентті) берген органның атауы.
Ескертпе: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде асыл тұқымды жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемелерін бекіту туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі күшіне енгенге дейін мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген асыл тұқымды жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемелері қолданылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында алмасуға жататын асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтердің құрамына № 1 қосымша |
Шошқа тұқымдарының КОДИФИКАТОРЫ
Тұқымның атауы | Әріптік коды |
Ірі ақ | КБ |
Ірі қара | КЧ |
Ландрас | Л |
Солтүстік кавказдық | СК |
Туклинск | Т |
Брейтовск | Б |
Белорустық қара-шұбар | БЧП |
Белорустық етті | БМ |
Дюрок | Д |
Белорустық ірі ақ | БКБ |
Йоркшир | Й |
Кемеровск | К |
Шолақ құлақты ақ | КУБ |
Уржумск | У |
Ливенск | ЛВ |
Литвалық ақ | ЛБ |
Тұқымының атауы | Әріптік коды |
Муромск | М |
Сібірлік солтүстік | СС |
Тез жетілетін етті | СМ |
Уэльск | УЭ |
Цивильск | Ц |
Эстондық бекондық | ЭБ |
Жетісулық | С |
Пьетрен | П |
Гемпшир | Г |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында алмасуға жататын асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтердің құрамына № 2 қосымша |
Қылшық жүнді және жартылай қылшық жүнді өнім беру бағытындағы қойлардың негізгі селекцияланатын белгілерінің шартты белгілемелері мен өлшем бірліктерінің ТІЗБЕСІ
Негізгі селекциялық белгілері, | Шартты белгілемелер және өлшем бірліктері |
Малдың типі: |
|
Конституция: |
|
Экстерьер | балл |
Тірі салмағы | кг |
Құйрық майының (майлы құйрығының) мөлшері: |
|
Құйрық майының (майлы құйрығының) формасы: |
|
Жылына қырқылған жүні | кг |
Жүннің ұзындығы: |
|
Жүннің түсі: |
|
сұр |
|
Жүннің класы: |
|
Жануардың класы: |
|
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында алмасуға жататын асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтердің құрамына № 3 қосымша |
Романов тұқымды қойлардың негізгі селекцияланатын белгілерінің шартты белгілемелері мен өлшем бірліктерінің ТІЗБЕСІ
Негізгі селекциялық белгілері, градация | Шартты белгілемелер және өлшем бірліктері |
Конституция: | |
жұмсақ | Кж |
қатты | Кқ |
мықты | Км |
Туу типі: | |
жалқы туды | Я1 |
егіздің сыңары | Я2 |
үшем сыңары | Я3 |
төртем сыңары | Я4 |
бесем және одан да көп төлдің сыңары | Я5 |
Тірі салмағы | кг |
Жүннің қалыңдығы: | |
сирек, қалаған тип талаптарына жауап бермейді | Мс |
қалың | М |
Ұзындығы: | |
қылтығы бүйірінде | см |
түбіті бүйірінде | см |
Қылтығы мен түбітінің арақатынасы: | |
1:4 дейін | К2 |
1:4 – 1:5 | К4 |
1:6 – 1:8 | К7 |
1:9 – 1:10 | К10 |
1:10 жоғары | К-в |
Жабағы жүнінің түзулігі: | |
Қылтығы мен түбітінің ұзындығы, қылтығы мен түбітінің сандық арақатынасы бойынша теңескен | УУ |
қылтығы мен түбітінің сандық арақатынасы бойынша теңескен, бірақ қылтығы мен түбітінің ұзындығы бойынша теңеспеген | НУ |
қылтығы мен түбітінің ұзындығы бойынша теңескен, бірақ қылтығы мен түбітінің сандық арақатынасы бойынша теңеспеген | УН |
Бұйралығының мөлшері | мм |
Құрсақ жүнінің өсуі: | |
қанағаттанарлықсыз | ОН |
жақсы | ОХ |
Қой терісі тобы: | |
бірінші | I |
екінші | II |
Жануардың класы: | |
элита | эл |
бірінші | I |
екінші (саулықтар, ұрғашы тоқтылар үшін) | II |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында алмасуға жататын асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтердің құрамына № 4 қосымша |
Елтірі өндіру бағытындағы қойлардың негізгі селекцияланатын белгілерінің шартты белгілемелері мен өлшем бірліктерінің ТІЗБЕСІ
Негізгі селекциялық белгілері, градация | Шартты белгілемелер және өлшем бірліктері |
Бояуы: |
бояу |
Түр-түсі: |
түр-тү |
янтарь түсті |
ян |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында алмасуға жататын асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтердің құрамына № 5 қосымша |
Биязы жүнді және жартылай биязы жүнді өнім беру бағытындағы қойлардың негізгі селекцияланатын білгілерінің шартты белгілемелері мен өлшем бірліктерінің ТІЗБЕСІ
Негізгі селекциялық белгілері, градация | Шартты белгілемелер және өлшем бірліктері |
Биязы жүнді тұқымдар: |
|
Жартылай биязы жүнді тұқымдар: |
|
Тірі салмағы | кг |
Конституциясы: |
|
Экстерьер | Э |
Туу типі: |
|
Жүннің қалыңдығы: |
|
Жүннің ұзындығы | Д, см |
Жүннің бұйралығы: |
|
Бүйіріндегі жүннің жуандығы (қалыңдығы), негізгі қошқарларда – бүйірі мен санында | мкм |
Жабағы жүнінің түзулігі: |
|
Шуаш мөлшері: |
|
Шуаштың түсі: |
|
Арқасының жүн қаптауы: |
|
Құрсағының жүн қаптауы: |
|
Қырқылған жүні: |
|
Жануардың класы: |
|