Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібінің 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 31-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 79 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу жоспарының II бөлімі мынадай мазмұндағы 45-позициямен толықтырылсын:
"45. Электр техникасы мен радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттардың қолданылуын шектеу туралы (ЕАЭО ТР 037/2016) (техникалық регламенттің (өлшеу құралдарын, химиялық ток көздерін және ерекше жағдайларды көрсете отырып, жалпы ашық қолдану саласын) қолдану саласын кеңейту, қауіпті заттардың бақыланатын номенклатурасы бойынша талаптарды өзектілендіру және олардың электр техникасы мен радиоэлектроника бұйымдарының құрамында болуын шектеу, тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан электр техникасы мен радиоэлектроника бұйымдарын кәдеге жарату жөніндегі талаптарды қосу бөлігіндегі № 1 өзгерістер) | Беларусь Республикасы | мүше мемлекеттер |
2022 жылғы | 2". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |