2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 21-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 8 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде оларға қатысты тарифтік преференциялар берілетін дамушы елдерден немесе неғұрлым төмен дамыған елдерден шығарылатын тауарлардың тізбесінің II бөлімінде ЕАЭО СЭҚ ТН "3603 00 100 9, 3603 00 900 9" кодтары ЕАЭО СЭҚ ТН "3603 00 100 2, 3603 00 100 8, 3603 00 900 2, 3603 00 900 4, 3603 00 900 5, 3603 00 900 6" кодтарымен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |