2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.33-тармақпен толықтырылсын:
"7.1.33. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 33 шешімімен бекітілген Аса маңызды импорт тауарларының тізбесіне енгізілген Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар.
Көрсетілген жеңілдік ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін тауарларға арналған декларацияны қоса алғанда 2020 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта тіркеу шартымен беріледі.".
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағындағы "7.1.32" деген цифрлар "7.1.33" деген цифрлармен ауыстырылсын.
3. Қоса беріліп отырған аса маңызды импорт тауарларының тізбесі бекітілсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 33 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Аса маңызды импорт тауарларының ТІЗБЕСІ
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы |
0701 90 | Картоп |
0703 10 | Пияз |
0703 20 000 0 | Сарымсақ |
0704 90 100 1 | Қырыққабат |
0706 10 000 1 | Сәбіз |
0709 60 100, | Бұрыш |
1002 | Қарабидай |
1006 10 250 0, | Ұзын дәнді күріш |
1008 10 000 | Қарақұмық |
1103 19 900 9-дан, | Қарақұмық жармасы |
1901 10 000 0 | Ерте жастағы балаларға арналған дайын тамақ өнімдері |
1901 90 990 0-ден | Емшек сүтін алмастырғыштарды өндіру үшін негіз |
2009 12 000 1, | Шырындар |
3004 10 000 4, | Дәрілік заттар |
3926 90 970 9-дан | Бір рет қолданылатын стерильді Пастер тамызғышы |
8705 90 800 5-тен, | Комаровтың жылжымалы дезинфекциялау қондырғысы (КДҚ) |
9018 90 200 0 | Эндоскоптар |
9025 19 200 0 | Басқа құрылғылармен біріктірілмеген электрондық термометрлер мен пирометрлер |
Ескертпе. Осы тізбенің мақсаттары үшін өздеріне қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, атауын да басшылыққа алу қажет болатын қарақұмық жармасын, емшек сүтін алмастырғыштарды өндіру үшін негізді, бір рет қолданылатын стерильді Пастер тамызғыштарын және Комаровтың жылжымалы дезинфекциялау қондырғысын (КДҚ) қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа алу қажет.